ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС НЕСИЕЛЕНДІРУ САНЫ АРТУДА

12:14, 10 шілде 2019

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасының тапсырмасымен  Үкімет 2016-шы жылы 2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. Бүгінде аталған бағдарлама аясында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Соның жалғасы болып  «7-20-25» бағдарламасы халыққа қолжетімділік тудырды.

СНХ: ТЕМІРЛАН ЖҰМАБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Бес бастаманың беріп жатқан пайдасы өте көп. Соның бірі 7-20-25 бағдарламасы. Қазір жас отбасылардың басым көпшілігі үй жалдап тұрады. Бұл біріншіден тұрақсыз көшіп қонуға тура келсе, екінші жағынан отбасы қаражатты үнемдей алмайды.   

РКС: Өңірде  «7-20-25» бағдарламасы бойынша мақұлданған несие саны мен өтініштердің саны күн санап артуда. Бұл дегеніміз, аталмыш бағдарламаның халыққа тиімділігін айқындайды. 

СНХ: АЙДАНА ШӘРІПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Тұңғыш Президент-Елбасының бес бастамасын оқыдым. Мұнда айтылғандардың барлығы біз үшін керекті. Әсіресе, жас отбасылар үшін маңызды қолжетімді баспана бастамасын қолдаймын.

РКС: Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналды. Тұңғыш Президент-Елбасының сөзімен айтар болсақ, қазіргі қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт туды. Сондықтан, әр қазақстандық  дәл осы берілген мүмкіндіктер мен сәттерді нақты қадамдарға жұмсауы қажет.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...