ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ӨҢІРДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

18:28, 7 қазан 2019

Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы зор азық-түлік бағасы көтеріліп отыр. Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 1 сұрыптағы бидай ұны 32%-ға, нан 14,5%-ға, қырыққабат 33, пияз 19, тауық жұмыртқасы 23 пайызға қымбаттаған. Бүгінде бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті бағаның өсу себептерін анықтау үстінде.

Әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тізіміне 19 түрлі өнім жатады. Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанын қорытындылайтын болсақ, әсіресе, бидай ұны қымбаттаған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, ұн 32 пайызға өскен. Сәйкесінше, нан бағасы да 14,5 пайызға көтерілген. Сонымен қатар өңірде көкөністер қымбаттаған. Бұл күз айына тән емес екені анық. Алайда, қырыққабат құны биыл 33 пайызға шарықтап кетті. Пияз бен сәбіздің бағасы да арзан емес.

АЛМАТ ФАЗЫЛ, ОБЛЫСТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 

Биыл бірқатар азық-түлік бағасы әжептәуір қымбаттап отыр. Біздің департамент әлеуметтік маңызды деген азық-түлік бағасына ай сайын мониторинг жүргізеді. Тізімде 19 түрлі өнім бар. Нарық субъектілерінен бағаның өсу себептерін анықтайтын боламыз. Егер қандай да бір заң бұзушылықтар анықталатын болса, ескертулер жібереміз, қажет болса монополияға қарсы әрекеттерді қолданатын боламыз. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. Мәселен, ет өндірісі өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 130 пайызды құраса, құс еті 4 есе артты. Ең ірі құс фабрикасының іске қосылуымен жұмыртқадан да тапшылық сезілмейді, қайта өсіп жатыр. Ауа райының қолайсыз болуына орай биыл ұнның қымбаттауы әбден мүмкін.

ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ұнға келсек, биыл жағдай қиындау. Өйткені, биыл шаруалар ұнның сапасы жағынан біраз зардап шегіп отыр. Бұл әрине, нарықтағы бағаға да әсер етіп отыр. Мәселен,  биыл азық-түлік корпорациясы бидай бағасын сапасына қарай 70-76 теңгеге дейін көтеріп отыр. 

Азық-түлік бағасының өсуінің себептерін анықтау мақсатында өткізілген жиынға ірі өнім өндірушілер де қатысты. Олардың айтуынша, бағаның шарықтауына делдалдар мен алыпсатарлар да кінәлі. Сондықтан, кім кінәліні анықтау үшін терең зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мәселен, Ақсай нан серіктестігі әлеуметтік нан бағасын 70 теңгемен сатады. Ал, дүкен сөрелеріндегі баға 10,15 теңгеге қымбаттатылып сатылады. Сондықтан, жергілікті билік өкілдері осы мәселеге назар салса,- дейді ірі өнім өндірушілер.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...