ШҰҒЫЛ! ЖОЛ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ТАЗАРТЫЛУДА Толығырақ

ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ

20:06, 11 тамыз 2020

ДК: Елордалық кәсіпкер Ақмола облысының орманды алқаптарының қалдықтарын белсендірілген көмір мен пеллет отыны өндірісіне пайдалануды ұсынды. Өңір басшысы жобаны ұтымды деп тауып, бұл бағытта облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына өз ұсыныстарын енгізуді тапсырды.

РКС: Белсендірілген көмір негізінен медицинада қолданылады. Яғни, улану кезінде ағзаны тазартады. Аталған дәрілік препарат тиімді әрі, қолжетімді. Алайда, Қазақстанда оның тапшылығы да жоқ емес. Яғни, еліміздегі белсендірілген көмірдің 87 процентін бүгінде импорт құрайды. Елордалық кәсіпкер болса, өңірдегі орман қалдықтарынан жылына 1 мың тонна белсендірілген көмір және 2 мың тонна пеллет отынын өндіруге бел буып отыр.

СНХ: ВЛАДИМИР КИМ, БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ЖӨНІНДЕГІ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма: Белсендірілген көмір өндірісі үшін жылына 14 мың тонна, ал пеллет өндірісі үшін 8-10 мың тонна ағаш қалдықтары қажет. Тек шикізатты жеткізуге қатысты келісімге келу керек. Орман шаруашылығы жетекшісінің орынбасарымен сөйлесіп, келісімге келгендей болдық. Оның айтуынша, орман шаруашылықтары да ағаш қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Санитарлық мақсатта ағаш кесудің орташа  нормасы гектарынан 5 текше метрді құрайды. Яғни, осы жағдайда шикізат қоры қажеттілігімізден 20 есе артық болмақ. ///

РКС: Жоба құны 1,5 миллиард теңгені құрайды, бұл инвестордың өз қаржысы. Зауыт Щучинск қаласында орналаспақ. Бұл мақсатта 1,5 гектар жер  бүгінде бөлінген. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірдегі 13 орман шаруашылығы кәсіпкермен жеке-жеке келісімшартқа отыруы тиіс. Бүгінде ағаш қалдықтарын жеткізуге облыстың 8 ауданы мен Көкшетау және Степногорск қалалары дайын.

СНХ: БОЛАТ ТӨКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма: Ақмола облысының мемлекеттік мекемелерінен шикізатты жеткізуге қатысты келісім-шартқа келетін болсақ, біз 2 мың текше метрден аса орман қалдықтарын жеткізе аламыз. Бір текше метрінің құны -100 теңге. Енді тек әр шаруашылық келісімге отырулары қажет, себебі, коммуналдық мекеме болғандықтан олар жеке дара заңды тұлға саналады. ///

РКС: Сөйтіп, өңірдің орман шаруашылықтары өндірістің алғашқы кезеңінде 2 мың  текше метрден аса шикізат жеткізуге дайын. Келісімшартқа қол қойылған соң зауыт құрылысы басталады. Өндіріс жолға қойылса, белсендірілген көмір мен пеллет отынының импортынан арылып, ішкі қажеттілікті өтейміз деген болжам бар. Еуропа елдерінен пеллет отынын алғашқылардың бірі болып, 1984 жылы Швеция елі белсенді қолдана бастады. Кейін тың технология Дания, Австрия, Финляндия, Норвегия, Голландия және Германия елдеріне кеңінен тарала бастады. Бұл пайдалануға ыңғайлы, әрі экологиялық тұрғыдан таза материал саналады. Агропеллеттер сонымен қатар жылу қазандықтарында пайдаланылады.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ КӨКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
19:52, 15 қаңтар 2021
ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ 100% ЖӨНДЕЛЕДІ
17:03, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ 100% ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ
17:21, 13 қаңтар 2021
ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ
Толығырақ...
ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!
19:28, 13 қаңтар 2021
ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!
Толығырақ...