ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

18:37, 26 қазан 2020

ДИКТОР: Алдағы айларда қажетті дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды. Бұл туралы «СК Фармация» серіктестігінің Ақмола облысы бойынша өкілі айтты. Облыстағы жалғыз жедел қоймада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған сатып алулар рәсімделуде.

РКС: Жедел қойма – бұл бірыңғай дистрибьютордың астаналық хабынан келетін дәрі-дәрмектерге арналған «ауыстырып тиеу пункті». Жүйе қарапайым: тауар келе салысымен, 2 апта ішінде дәрі-дәрмектер тапсырыс берушілерге таратылады. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Мониторинг тобының мүшелері жүргізген рейд барысында, «СК Фармация» бұған дейінгі кемшіліктерін түзеткенін атап өтті. 

СНХ: ИГОРЬ ПЛЮСНИН, МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ ///аударма///Жағдай бақылауда. Қажетті дәрі-дәрмектер Нұр-Сұлтандағы жалпы хабта сақталады. Сатып алу жүйесі бойынша, облыстағы 49 медициналық мекемеге бөлініп, таратылады. Бұл бюджет шығындарын бақылауға мүмкіндік береді. Қазір амбулаториялық және стационарлық емдеуге қажетті дәрі-дәрмек қоры бар. Коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Сондай-ақ, «СК Фармацияның» жіберілген қателіктердің орнын толтырып жатқанын көріп отырмыз. 

РКС: Бүгінде қоймаға Нұр-Сұлтан қаласынан дәрі-дәрмек тиелген тағы бір жүк келді. Бұл 19 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 11 позиция. Келесі жүк 29 қазанда келмек.   

СНХ: ЖАНАРБЕК ОМАРОВ, «СК-ФАРМАЦИЯ» СЕРІКТЕСТІГІ  ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма/// Иә, біз дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі болмайды деп сеніммен айта аламыз. Өйткені, медициналық ұйымдарда бір айлық, біздің базада екі айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Облыстық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасы екі айлық тұрақтандыру қорын құрды. 2021 жылға сатып алу жүріп жатыр. Алғашқы дәрі-дәрмектерді жеткізу уақыт кестесіне сәйкес жүзеге асады.

РКС: Тұрақтандыру қорлары мен жедел қоймалар резервті сақтап, коронавирус өршитін болса, дер кезінде қимылдауға мүмкіндік береді. Бастысы, дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдарға уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету.  

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар