ШҰҒЫЛ! ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ КИІМ ПІШЕТІН МАМАНДАР ТАПШЫ

19:06, 30 шілде 2020

ДК: Ақмола облысында киім үлгісін пішетін технолог мамандары тапшы. Шеберлікті қажет ететін бұл мамандыққа жергілікті оқу орындарында да оқытпайды. Тігіншілікпен көптен айналысып жүргендердің айтуынша, өңірде білікті технологтар саусақпен санарлық. Ал, сарапшылар жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандар тапшылығы жалпы, еліміз бойынша өткір тұр,-дейді. 

РКС: Наталья Приходько мамандығы бойынша киім үлгісін пішетін технолог, бірақ қазірде тігінші ретінде жұмыс істеп жүр. Өйткені, киім пішуді қиын, әрі жауапты іс деп санайды. Оның үстіне жалақысы да көңіл көншітпейтін көрінеді. Ал, Әсемгүл Қалиқайдарова мамандығы бойынша сызу пәнінің мұғалімі. Десе де,17 жылдан бері киім пішумен айналысады. Технолог ретінде арнайы білімі де жоқ. Бірақ, кез келген матадан қалаған киіміңізді асқан шеберлікпен пішіп бере алады. Бүгінде ол негізінен той көйлектері мен спорттық бал киімдерін және сахнаға арналған түрлі киімдерді пішумен айналысады. Бұл кез келген арнайы білім бар технолог маманның да қолынан келе бермейтін іс. 

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҚАЛИҚАЙДАРОВА, КИІМ ПІШЕТІН ТЕХНОЛОГ///аударма: Киім тігуге бала кезімнен құмар едім. Графика да қатты ұнайтын. Сызғандарды келтіре пішіп тігу әрине, оңай емес. Сондықтан да, киім піше білетін технолог мамандарының тапшылығы бар. Қім де кім піше білсе, жалқақыға еңбектенгеннен гөрі, өзіне қызмет істегісі келеді. Өйткені, киім пішетін технологтардың жалақысы қазірде мардымсыз. Сондықтан, көбі тігіншілікке ауысып кетеді. Себебі, жұмыс ауқымын кеңейтіп, оларды ақшаны молырақ таба алады. Ал, киім пішу болса, өте жауапты іс. ///

РКС: Көйлек, тон, не аяқ киім, кез келген өнімнің сапалы болуы – өлшемнің нақтылығы мен үлгісін дұрыс түсіріп, пішуге тікелей байланысты.. Тіпті, таңдалған материалдың мінсіз болуына да киім пішетін технолог жауап береді. Ақмола облысында киім үлгісін пішетін жастар жоқтың қасы. Ал, тәжірибесі мол технологтар кезінде алған білімін мақтан тұтқанымен, заманауи технологияларды меңгермеген, оның үстіне бүгінгі трендтен де қалыс қалып жататыны жасырын емес.

СНХ: ҒАЛИЯ АЛДАБЕРГЕНОВА, СӘН ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//аударма: Облысымызда тігіншілер мен дизайнерлер жетерлік, ал киім үлгісін пішетін технологтар жоқ. мәселен, қазірде менде киім пішетін 3 маман қызмет етеді, алайда олар мамандығы бойынша инженер-конструктор, суретші, яғни олар киім пішуді өздігінен үйреніп алғандар.

СНХ: СВЕТЛАНА ЕХЛАКОВА, АТЕЛЬЕ ДИРЕКТОРЫ ///аударма: Киім пішетін мамандар тапшылығы біздің өңірде ғана емес, бүкіл еліміз бойынша өткір тұрған мәселе. Бұл өте күрделі мәселелердің бірі. Бізде қазір бәсекелестік күшті. Қай ательенің киім пішетін жеке технологы болса, тұтынушылардың көбі киімді сонда тіктіргісі келеді. Бүгінде біздің өңірімізде киім пішуші технологтар оқытылмайды. Ал, тігіншілерге тек киім пішудің шет жағасы үйретіледі. Сондықтан біздің өңірде тәжірибелі де, білікті киім пішушілерді табу қиын.

РКС: Светлана Ехлакова – тәжірибесімен бөліскісі келетін жандардың қатарынан. Ол бүгінде «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасымен келісім-шартқа отырды. Алдағы уақытта оқу кабинетін ашпақшы. Жұмыспен қамту орталығы арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 15 адамды өз тобына алып, оқытпақ. Алайда, олардың тек екеуі ғана дұрыс пішуді үйреніп ала алады,-дейді ол. Сандық технология ғасырында бүгінде киім пішетін технологтың орнын арнайы компьютерлік бағдарламалар алмастыра алады.  Алайда, өңірдегі 159 ательенің қазірде тек  үшеуінде ғана «электронды киім пішетін» қондырғы бар. Оның өзінде мамандар аталмыш құрылғымен жұмыс істеуді енді меңгеріп жатыр. Облыста аталған қондырғыда жұмыс істеуді үйрететін педагогтар да жоқ. Жергілікті колледждерде де оқытылмайды.  

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
19:37, 22 қыркүйек 2020
ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар