ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ӨҢІРДЕ МЕДИАЦИЯ ЖЫЛ САНАП ДАМЫП КЕЛЕДІ

19:03, 15 сәуір 2019

РКС: Медиация заңының өңірде қолдану аясы жыл санап артып келеді.Оған дәлел 2018 жылы қаралған 3339 іс медиация тәртібімен бекітілген. Бұл  2017 жылмен салыстырғанда 2,6%  өскенін көрсетеді.  Ал, 2019 жылдың 1 тоқсанының өзінде-ақ  890 іс медиация арқылы шешілген. Өңір бойынша Ерейментау, Аршалы аудандары мен Степногорск қаласы соттарында медиация заңымен қарастырылған істердің пайыздық көрсеткіші жоғары.    

СНХ: ДОСЖАН ӘМІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /// Бүгінде соттар қауымдастығы медиацияны кең қолданысқа енгізу үшін  бұқаралық ақпарат құралдарымен, атқарушы биліктерімен қоянқолтық жұмыс істей отырып медиаторлдардың санын көбейтіп жатыр. Ол азаматтарға аудандық соттың төрағалары айына екі рет семинар өткізіп отырады. Жоғары соттың төрағасы Жақып Қажманұлы Асанов та бұл мәселеге баса көңіл бөліп отыр. Дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан көріну үшін негізгі мақсатты экономикаға бөліп, халық арасындағы ынтымақ, бірлікті нығайтқанымыз жөн.  

РКС: Медиация заңының екі тарапқа да берер пайдасы мол. Атап айтсақ, азаматтық істер бойынша мемлекеттік бюджетке төленген баж сомалары қайтарылатын болады. Соңғы үш жылда азаматтарға берілген баж сомалары 262 миллион теңгеге жуықтаған. Өңірлік кеңесте медиациядан бөлек билер кеңесінің алдағы жұмыстары талқыланды.

СНХ: МАНАТ ӘБДІРЕШЕВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ /// Бағзы заманда елге жау төнсе батырлар қорғаған, дау төнсе билер шешімін айтатын болған. Мынау табандарыңыз тиіп тұрған Ерейментау билердің мекені. Атап айтсақ, Бапан би, Саққұлақ бабамыз бар, Тәлгер би бар. Осы бабаларымыздың әділ шешімін естіп өскенбіз. Қолданысқа енгелі отырған билер кеңесі, бүгінгі таңда аса қажет деп айтар едім, жаға жыртылмай, қызыл кеңірдек болмай-ақ, дауды шешудің ең төте жолы осы.

РКС: Медиация - қазақ үшін жат ұғым емес. Ежелгі ата-бабаларымыз дауласқан екі тараптың істерін ушықтырмай-ақ, бітімгершіліктің үлгісін көрсете білген. Айта кету керек, 2018  жылдан бастап облыста цифрлық медиация порталы жұмыс атқарады. Портал бойынша қызмет жасайтын 25 кәсіпқой, 91 кәсіпқой емес медиаторлардан тегін кеңес алуға болады. Ағымдағы жылы 387 азамат аталмыш порталдың қызметіне жүгінген.  

СНХ: АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ /// Өткен жылы Ерейментау ауданында 87 кәсіби емес медиатор тіркеліп, оның 74 қазіргі таңда жұмыс атқарып жатыр. Және де ауданымызда 2 кәсіби медиаторымыз бар. 02: 01 Қазақ бітімгершіліктің озық үлгісін көрсете білген халық. Баршамызға белгілі кешегі атақты үш би қазақтың іргесі сөгілмеу үшін төрт ауыз сөзбен дау-дамайлардың алдын тосып отырған.

РКС: Кездесу соңында Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров  дамыған қоғамдағы дау-дамайларды реттеп, сотқа жеткізбей шешудегі билер қабілеттілігін атап өтіп, іргесі сөгілмеген қазақ қоғамының бірлігін бекемдей түсіп,  түрлі кикілжіңдердің алдын-алу шараларын шалғайдағы елді мекендерде күшейту керектігін айтты.   

 БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...