ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕГІ ІШКІ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20:20, 9 шілде 2019

РКС: Құрылыс учаскесінің жалпы ұзындығы 1,8 шақырымнан асады. Көшедегі көлік жолдарына асфальт-бетон жамылғысын төсеумен қатар, жолға жиектастар салынады. Осыған дейін жергілікті тұрғындар шұрық-шұрық жолдардың азабын тартып келген. Бүгінде сол олқылықтардың орны толуда. «Көкшетау Автожол» мекемесінің қызметкерлері жолды жақсартуға өз үлестерін қосуда.

СНХ: ЮРИЙ МАРТЫНЮК, МЕРДІГЕР Бұл нысан екі жылға жоспарланған. Өткен 2018 жылы жалпы сметалық құнның 513 млн теңгесінің 175 миллионы игерілді. Инженерлік желілер, су құбыры мен байланыс желілері ауыстырылды. Тротуар жолдарын орнату бойынша жұмыстар басталды. Ағымдағы жылы құрылыс маусымы басталғалы бері 1,2 шақырым қашықтықта асфальт-бетонның төменгі қабаты салынып, қазіргі уақытта су құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жанасып жатқан көшелерде асфальт-бетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

РКС: Жол жөндеуге арналған техникалар саны жеткілікті. Соның арқасында жұмыс өнімділігі де артқан.

СНХ: КНАРИК АВДАЛЯН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Қазір жолдарды жөндеп жатыр. Бұл біз үшін өте жақсы жаңалық. Бұрындары жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес болатын. Енді таза жолдармен жүретін боламыз.

РКС: Вавилов көшесі тұрғындарының шешімін күткен күрделі мәселелердің бірі – автокөлік жолдарының жайы болатын. Шұғыл түрде жөндеуді талап еткен көше жолдарының жағдайы бүгінгі күні едәуір жақсарып қалған. Бұл бағыттағы жұмыстар қала бойынша келер жылы да жалғасын таппақ.

ГРАФИКА: Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен – 13,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 6,6 млрд.теңге бөлінген.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...