ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

20:22, 19 ақпан 2020

Ақмола   облысында   алдағы  үш  күнде  ауа райы бұрқасынды, өңірдің көпшілік бөлігінде көктайғақ болады. Ауаның температурасы төмендейді. Бұл, әсіресе, облыстың оңтүстігіндегі аймақтардан басталады. Осыған байланысты «Қазгидромет» кәсіпорны дауылды ескерту  жариялайды. Сондай-ақ көктемде келер қауіптің де барын айтады.

РКС: 21 ақпаннан бастап циклонның шығысқа жылжуына байланысты ауа райы бірқалыптана бастайды. Апта соңында жауын-шашын мөлшері азайып,  желдің  күшеюі бәсеңдейді. Десе де, синоптиктер дауылды  күндері жолға шықпауды ескертеді.  Ал кеше түскен қардың ең көп көлемі Сандықтау ауданына тиесілі. Оның қалыңдығы 3,1 мм. Сондай-ақ кешегі  жауын-шашын  көлемі орташа көпжылдық норманың және алдыңғы екі жылдағы кезеңнен 1,5 есе артық.  Сәйкесінше көктемде қар көлемі көп болғандықтан, көктемде келер қауіп те бар.

СНХ: БАҚЫТ МАҚАЖАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» КӘСІПОРНЫ АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БОЙЫНША  ФИЛИАЛЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ/// ҚАЗ///Алдын-ала болжам бойынша көктемгі кезеңде Ақмола облысында өзендердің үлкен су деңгейі мен күрделі су тасқыны жағдайы күтіледі. Сондай-ақ қардың жиналуына байланысты  және көктем айларында  жиі жауын-шашындарды  ескере отырып, қар ерігенде су басуы мүмкін. Осыған байланысты облыстың 10 ауданына су басу қаупі төнуі мүмкін.

РКС: Аршалы, Астрахан, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарының су астында қалу қаупі жоғары. Сондай-ақ «Қазгидрометтің»  деректері бойынша, ақпан, наурыз айларында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін. Егер мұндай жағдай орын алса, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар, яғни су тасқынының болуы ықтимал.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:03, 8 сәуір 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
20:01, 8 сәуір 2020
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...