ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ- ЕЛДІҢ ДАМУЫ!

19:42, 22 ақпан 2019

РКС: Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халық алдындағы есебі әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде берілді. Жиынның тағы бір ерекшелігі – бұл есепті кездесуге мемлекеттік қызметшілер мен әдеттегідей аудан әкімдері қатысқан жоқ. Олардың барлығымен байланыс телефон арқылы орнатылып, тұрғындардың әрбір сұрағына тікелей жауап алынып отырды. Алдымен өткен жылдың қорытындысын жасаған өңір басшысы облыстың негізгі салаларының барлығында айтарлықтай  жетістіктер байқалатынын айтты. Мәселен, еліміздегі инвестициялардың 20 пайызы Ақмола облысының үлесінде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, өңірде 84 миллиард 100 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді. Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты 19 пайызға ұлғайды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен алыс-жақын мемлекеттерге өз өнімдерін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне 172 өндіріс ошағы енгізілді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 269 миллиард 800 миллион теңгені құрады. Сыртқы тауар айналымы 817 миллион АҚШ долларына дейін жетті. Экспорт үлесі 362 миллион АҚШ долларынан асты. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 53 жоба жүзеге асырылып, 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Айта кетейік, Ақмола облысы бүгінде аграрлы өңірден индустриалды-аграрлық аймаққа айналуда. Бұған өңіріміздегі өнеркәсіп өндірісінің артуы дәлел.

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ   ///Аударма: Өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 106,9 пайыз, бұл бағытта облысымыз  республика бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр. Аграрлық  салада 101,6 пайыз. Осы екі сала өңір экономикасына 100 миллиард теңгеден аса өсім берді. Инвестиция көлемі де жыл санап артып келеді. Әсіресе, жеке инвестициялар көлемі биыл 270 миллиард теңгеге жетті. Яғни, өңіріміздің бизнес саласы экономкианың дамуына елеулі үлес қосуда. Еңбек нарығында 8 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылды. Орташа айлық жалақы көлемі бойынша біз 13-ші орныннан 12ші орынға көтерілдік. ///

РКС: Өңірде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Тек қана Макинск құс зауытының есебінен өңірімізге жеткізілетін импорт көлемі 30 пайызға төмендемек. Биыл аймақта 7 ірі етті және сүтті фермалардың құрылысы қолға алынады. Ақмола облысының азық-түлік белдеуін қалыптастыруда ауышаруашылығын дамытудың маңызы зор. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин биыл аймақ үшін өзекті деп саналатын сумен қамту мәселесіне бөлінетін қаржы екі есе артып отырғандығын сөйтіп,16 миллиард теңгені құрайтынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі елдімекендердің 35 пайызында орталықтандырылған су жоқ. Сондықтан, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде,-деді өңір басшысы өз сөзінде. Облыста тұрғын үй құрылысы мен жол құрылысы да қарқынды жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сөйтіп, 5 мыңға жуық отбасы  баспаналы болды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. Яғни, биыл 500 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр. «Ақмола жастары» бағдарламасы аясында биыл 6 тұрғын үй бой көтермек. Сөйтіп, 424 жас отбасы баспаналы болады деп күтіледі. Елбасының тапсырмасымен аймақта «Жастар жылы» аясында 2 жоғары оқу орны мен 4 колледж үшін 6 жатақхана салу жоспарланып отыр. Ақмола облысында бүгінде 14 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар көрінеді. Бүгінде осы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында облыстық бюджет қайта қаралмақ. Есептік кездесуге келген тұрғындар жеке және жалпыға ортақ мәселелерді көтерді. Жол, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру туралы сұрақтар көп болды.   

СНХ: ӨМІРТАЙ ЖҮСІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ/// Халықтың әлеуметтік жағдайына келсек, нан неге қымбат? Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қажет. Көпбалалы отбасыларға бюджеттен әрқайсысына 2 мың теңге беріледі. Бұл қалай? Әр балаға қанша берілуі тиіс? осы мәселелер қалай шешіліп жатыр? Коммуналдық төлемнің арзандатылғанын көрген жоқпыз.46 тиын ғана төмендеткен. Бұл қалай?//

РКС: Өңір басшысы тұрғындардың сауалдарына өзі нақты жауап қайтара отырып, сала мамандары мен аудан басшыларынан аталған мәселелердің қалай шешіліп жатқанын тікелей телефон байланысы арқылы халықтың алдында сұрады.  

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ   //өңіріміз бойынша азық-түлік бағасын тұрақтандыру бйоынша жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік дүкендер желісі бар. нан құны өңірімізде  73 теңге. көпбалалы отбасыларына келсек, бұл бағытта арнайы тапсырма бойынша жұмыстар қолға алынды. қазірде бюджет қайта қарастырылатын болады. қаржыны қалай жұмсау қажет, кімдерге, қандай көмек қажет дегенді қарастырып, анықтап жатырмыз. /

Ест шум. Тел арқылы қала әкімі қосылады. коммуналдықтөлемдер туралы

СНХ: АНАР МҰХАМЕДРАХИМОВА, «АСЫЛ АНАЛАР» КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ    ///

РКС: Облыс әкімі көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылар үшін медициналық тексерулерді тегін жүргізу, балаларға жазғы демалыс лагерьлеріне тегін жолдама беру, жолақыны тегін ету және бірыңғай төлемақы көлемін арттыру сияқты мәселелер бүгінде қаралып жатқанын жеткізді.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖУРНАЛИСТ, ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ   ///

РКС: Бүгінде елімізде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жұмыстары қолға алынуда. Өткен жылы аймақта 53 спорттық нысан пайдалануға берілді. Ал, 2019 жылы Ерейментау және Целиноград ауданында екі спорттық кешен салу жоспарланып отыр.

Бибінұр Әмірханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...