ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ-ЕЛДІҢ ДАМУЫ

18:22, 13 тамыз 2019

ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аппараттық кеңесте қатысушыларды кадрлық өзгерістермен таныстырды. Аймақ басшысының кеңесшісі болып  Ербол Жақсылықов, ал Айнагүл Жанәділова - әдеп жөніндегі  уәкілетті өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға байланысты сөз қозғалды .Мәселен, жолдардың дамуына және атаулы әлеуметтік көмектің төлемімен  азық-түлік бағасына және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

РКС: Жиында жолдардың сапасына қатысты көптеген мәселелер айтылды. Мәселен, аймақта жолдың  60 пайызы сын көтермейді. Республикалық және облыстық бюджет қаражатынан құрылыс және жөндеу жұмыстарына биыл 6 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Жауапты сала  басшылығы -   аймақта ауыр жүк көліктері көп болғандықтан, жол сапасы нашарлайды,-деп дабыл қақты.

СНХ:  АСҚАР МҰРАТҰЛЫ –АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  Қосшыда  1,5 млрд теңгеге жол жөндеу жұмысы  бойынша 2 жоба әзірленді.  Ал күрделі жөндеуге 9,5 млрд. Байқау өтті,жауапты мердігерлерде бар. Қазір олар қосымша қаражат алуға дайын. Өткен жолы біз Индустрия және инфрақұрылымды дамыту мен Ұлттық экономика министрлігінің мамандары бірігіп Қосшы елдімекенінің тұрғындарымен кездесу өткіздік.Олар көшелерді қосымша жөндеуге байланысты ойларын айтқан болатын.

РКС:  Сонымен қатар, күрмеуі шешілмеген мәселер әлі де көп.Атап айтсақ,  аймақта пияз, тіпті кейбір жерлерде картоп, импортталған шай, ірімшік пен тәттілер айтарлықтай  қымбаттаған. Кәсіпкерлік мен өнеркәсіп департаментінің басшылығы облыстың өзінде ет, сүт,  жұмыртқа, құс еті мен бидай өнімдерімен  толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екендігіне назар аударды. Тіпті, Үкіметтің соңғы отырысында  оң бағаға іліккен болатын. Ал, ауыл шаруашылығы көрсеткіштері бойынша ақмолалықтар  республика бойынша алғашқы орында.

СНХ: ЕРМЕК  МАРЖЫҚПАЕВ –АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Біздің облыс  барлық көрсеткіштер өз деңгейінде орындалды. Өнеркәсіп дамуы 101,8 пайыз, ал ауыл шаруашылығы саласы бойынша  біз бірінші орында тұрмыз., Тұрғын үй саласында 104 пайыз, тауар айналымы 101,3 пайызды құрап отыр.

РКС: Аймақ басшысы әлеуметтік сипаттағы жұмыстарға тоқталып, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын қоғамдық өмірге белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде сөз қозғалып, мамандар кітапхана қорын цифрландыру үшін 46 миллион теңге қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, облыс орталығын дамыту туралы да  сөз қозғалды. Келер жылдың күзінде шаһар  Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы форумына 2 мыңнан астам мейманды қабылдамақшы. Жолдарды жаңарту, Қопа көлінің жағасын  ретке келтіру, қонақүйлер салу көзделіп отыр.Сонымен қоса, Қылшақты өзеніне де көпір салынбақшы.  Бұл жай жоспар емес – қолға алып, білек сыбана кірісетін уақыт келді,- деді облыс әкімі. Тазарту, жылыту маусымына дайындық, оқу жылы және бірқатар ағымдағы мәселелер күн тәртібінде тұр.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, МАДИНА СМАГУЛОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...