ШҰҒЫЛ! ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН

15:04, 19 ақпан 2020

Ақмола облысы бойынша жыл басынан 878 шетелдік азамат уақытша тұруға рұқсат алған. Көші-қон полициясының мәліметінше, олардың көбі ТМД елдерінің азаматтары, қалған 80-і алыс шетелден келген. Шетелдіктердің өңірге келу мақсаты негізінен жұмысқа орналасу. Көші-қон заңнамасына енгілізген түзетулер де осы еңбек мигранттарына қатысты болып отыр.

Людвиг Занграанның Қазақстанға келгеніне 9 жыл болды. 2,5 жыл Елордасында еңбек еткен. Одан кейін Қарағандыда. Көкшетауға 2016 жылы келген. Мұнда ол «Лаки кампус» тіл орталығында сабақ берді, кейін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне қызметке шақыртылады. Оңтүстік Африкадан келген ұстаздың айтуынша, еңбек визасын рәсімдеу қиындық туғызбайды.

ЛЮДВИГ ЗАНГРААН, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ :

менің еңбек визам 1 жылға рәсімделген. Келесі аптада кезекті еңбек визасын рәсімдейтін боламын. Оның мерзімін тек 1 жылға ұзарта аламын. Визаны рәсімдеу үрдісі Көкшетауда өтеді. Ол үшін маған елден кетудің қажеті жоқ. Визаны алу туралы өтінішті жаздым. Келесі аптадан бастап құжаттарды тапсырып, визаны рәсімдейтін боламын. Ол қатты қиын үрдіс емес.//

Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, өңіріміз бойынша еңбек визасы негізінен Елордамызға жақын орналасқан аудандарда жиі рәсімделеді. Мәселен, Целиноград ауданында бүгінде 47 шетелдік азамат ресми түрде еңбек етеді. 

АҚЫЛБЕК МАДҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ағымдағы жылы 118 шетелдік азамат еңбек келісімшартын алды. Яғни,жұмыс берушілермен еңбек қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді.

Облыс бойынша ағымдағы жылы 8 шетелдік азаматқа жеке бизнеспен айналысуға рұқсат берілген. Олардың 5-уі жеке ісін дөңгелетсе, қалғаны оқу мақсатымен және іскерлік сапармен келген. Дамир Әбілов Ресей азаматы. Осыған дейін Елорадада еңбек еткен. Қазір Көкшетауда. Көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістерге сай оған еңбек визасын рәсімдеуге тура келді. 

ДАМИР ӘБІЛОВ, ЕҢБЕК МИГРАНТЫ:

Қазақстанға келгеніме бір жарым жыл болды. Қазір заңнама қатайтылды. Сондықтан шетелдік азаматтарң елде тек 3 ай ғана жүре алады. Кейін депортацияланады. Сондықтан қазір мен еңбек визасын рәсімдеуге кірістім. Кейін қазақстан азаматтығын алсам деймін. ///

РКС: Сөйтіп, Қазақстанға еңбек ету мақсатымен келген шетелдіктердің бірі еңбек визасын рәсімдесе, елде қалуды ойлайтындар да бар. 

ТАТЬЯНА РОМАНОВА КӨКШЕТАУ ТҰРҒЫНЫ:

Мен отбасы жағдайымен Ресейге кеткен болатынмын. Бірақ жұмыс таба алмаған соң Қазақстанға қайтып келдім. Себебі, мұнда менің ата-анам тұрады. Сондықтан Қазақстанда тұру туралы визаны рәсімдедім. Ол қиын үрдіс емес. ///

РКС: Заң бәріне бірдей. Бұдан былай шетелдіктердің Қазақстанда тек 1 жыл тұруға мүмкіндіктері бар.

СНХ: АҚЫЛБЕК МАДҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ   ///АУДАРМА: Әкімшілік кодекстегі өзгерістер ағымдағы жылдың қаңтарында күшіне енді. Бұл өзгерістер елге уақытша келген шетел азаматтарына қатысты. Яғни, олар  өңірімізде еш тіркеусіз бір ай ғана бола алады, кейін оны ұзарту мүмкіндіктері де бар. ол үшін негіздеме керек. Мәселен, тұрақты мекен-жайын ауыстыру туралы өтініш жазады,немесе  емдеуге келгенін жазады, не болмаса, жұмыс берушімен еңбек келісімшартын рәсімдеуі тиіс. ///

РКС: Өткен жылы ұстаздық ету немесе оқу мақсатымен келген шетелдік азаматтар саны 307. Ал, биыл тек 67 азамат келген. Ішкі істер органдарында уақытында тіркелмей, Қазақстанда заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттарға әкімшілік жаза қолданылып, елден шығарылады. Оған қоса, Қазақстан аумағына 5 жыл ішінде аттап басуына тыйым салынады.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...