ШҰҒЫЛ! ЖОЛ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ТАЗАРТЫЛУДА Толығырақ

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ

19:13, 28 шілде 2020

ДК: Карантин талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Мұсылмандарының Діни  Басқармасы онлайн құрбан шалу мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл бастама жамағаттың денсаулығына қауіп төндірмеуге бағытталған, - дейді дін өкілдеді. Ниет қылған тұрғындар «Құрбан2020.кз» сайты арқылы өтінім қалдыра алады.

РКС: Онлайн құрбан шалу – сауапты істі атқара отырып, тұрғындар денсаулығына қауіп төндірмеуге бағытталған. Бұған дейін құрбандықты сеніп тапсыру, қажылық сапарында ғана қолданылып келді.   Онлайн мал шалу үшін «Құрбан2020.кз» сайтына кіріп тапсырыс қалдыруға, және мұқтаждық болса ет алуға өтінім беруге болады. Малдың адал, аманаттың қиянатсыз болуын өңір имамдары өз мойнына алып отыр.

СНХ: НАУАН МУТАЛОВ, КРАСНЫЙ ЯР  МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ /// 01/31 Ол сенімді түрде, сол адамның атынан арнайы рұқсат етілген «Әз мал базарының» ішінде жабық түрде шалынады. Сол жерде әрбір мал шалған адамның атынан дәлел ретінде, видеоға, фотоға түсіріліп көрсетіледі.  

РКС: Құрбандыққа шалынған малдың нақты кімнің атынан шалынғаны, қандай мал шалынғаны дәлел ретінде бейнежазбаға түсіріледі. Сонымен қатар, құрбандық малдың еті толығымен жетім-жесірге үлестіріледі. Семіз, ауру сырқаудан, кемтарлықтан ада болған мал шалынады.

СНХ: НАУАН МУТАЛОВ, КРАСНЫЙ ЯР  МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ /// «Намаз оқы, құрбан шал», - делінген. Осы аят түскенен кейін, нисаб мөлшері толған әрбір адамға құрбан шалу уәжіп болады. Нисаб мөлшері 85 грамм алтынға тең дәулеті болса. + Бабаларымыздың да, ғалымдарымыздың айтуы бар. Шалынған мал сиротулл көпірден өзіңді алып өтетіндей болуы тиіс. Құрбан шаларда, малыңның ең тәуірін, ең жақсысын шалыңдар делінген. Сол себепті, малдың жайына да үлкен мән беруіміз керек.

РКС: Түйе 5 жасқа, сиыр 2 жасқа толған болуы шарт. Құрбанға қой мен ешкі шалуға да болады. Еркек тоқты құрбандық, - дейді қазақ халқы. Десек те, тоқтының жасы кемінде 6 айға толуы тиіс. Ескеретін жай, бұл талапқа биылғы наурыз, сәуір айларында туған тоқтылар ілінбейді. Мұны, әсіресе, мал өсірушілер мен саудалаушылар ескергені абзал.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, ЖАХАНГИР МҰХАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
19:52, 15 қаңтар 2021
ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ 100% ЖӨНДЕЛЕДІ
17:03, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ 100% ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ
17:21, 13 қаңтар 2021
ИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫ ҚАБУ ДЕРЕГІ КӨБЕЙДІ
Толығырақ...
ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!
19:28, 13 қаңтар 2021
ТЕАТР МАЙТАЛМАНЫ ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА - 50 ЖАСТА!
Толығырақ...