ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОҢТАЙЛАНДЫРУ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ 10 %- ҚЫСҚАРДЫ

19:59, 15 наурыз 2019

РКС: Қоғамда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында облыстық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов осымен екінші мәрте халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізіп отыр. Кездесу жаңа форматта өтіп, әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы берілді. Айта кетейік, полиция қызметкерлерінің қолға алған игі шараларының нәтижесінде өңірде жол-көлік оқиғалары 3 пайызға төмендеген. Десе де, жол ережелерін бұзған 100 мың дерек тіркелген. Ал, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты 140 мың хаттама толтырылған. Бұл 700 мыңнан аса халқы бар өңір үшін өте көп. Біреудің мүлкін тонау көрсеткіші 2,9 пайызға өскен.

СНХ: ЕРЖАН СӘДЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ/// Жол-көлік оқиғаларын сараптай келе, оған негізінен азаматтардың жол ережелеріне немқұрайлылық танытуы себеп деп отырмыз. Әрине, ауа райының қолайсыздығы да бар. Бүгінде біз жолдағы тәртіпті бақылауды күшейтіп отырмыз. Бұл тек жол полиция қызметкерлерінің міндеті емес деп білеміз. Сондықтан оған барлығы тартылуда. Бүгінде жол ережелерін бұзған 100 мың дерек тіркеліп отыр. 220 адам жүргізушілік куәліктерінен айырылды. ///

РКС: Кездесу барысында полиция департаментінің бастығы саладағы жаңғыртулар жайына тоқталды. Оңтайландыру аясында полицияның 6 басқармасы үшеуге қысқарды. Жеке құрам 10 пайызға азайды. Бүгінде кадр іріктеуге баса назар аударылып отыр. Сәуірдің 1-інен бастап полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамаларды электрондық форматта толтыруға көшпек. Халық тарапынан полиция қызметкерлеріне қатысты жиі сын айтылатынын алға тартқан облыстық полиция  департаментінің бастығы Ержан Сәденов сын айтқан жақсы, бірақ орынды болу керектігін алға тартты. Десе де, алдағы уақытта тәртіп сақшыларының білімдерін арттыруына үлкен мән берілетінін айтты. Жаңашылдыққа тоқталсақ, тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа форматын енгізу үшін барлық полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдайтын арнайы фронт-офис ашылатын болады. Кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауап ретінде өтті. Еркін сұхбаттасу алаңында полиция полковнигі Ержан Сәденов кездесуге келген азаматтардың сауалдарын, толғандырған мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар беріп, түйткілді  мәселелелерін жақын арада шешуге тырысатынын жеткізді.

СНХ: ЕРЕЙМЕНТАУ ТҰРҒЫНЫ /// неге жүргізуші куәлігі тұрғылықты мекен бойынша берілмейді. Бұл біздерге үлкен ығайсыздық тудырады?

СНХ: ЕРЖАН СӘДЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ   /// Арнайы қызмет көрсету орталығы әзірше облыс бйоынша тек біреу ғана. Ол Көкшеату қаласында орналасқан. Әзірге аудандарда ондай орталық ашуға мүмкіндік жоқ. Бұл бағытта біз жұмыс жасайтын боламыз. Бұл алдағы күннің еншісінде деп ойлаймыз. ///

РКС: Тұрғындар тарапынан учаскелік полиция инспекторларының қызметінен бастап әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды. Мәселен, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, белгілі бір қылмыстық істердің тергелуі, қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ құқық қорғау оргондарына жұмысқа қабылдау сұрақтары да қамтылды. Кездесу соңында қызметін абыроймен атқарып жүрген полиция қызметкерлері марапатталды.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
14:24, 20 мамыр 2019
САЙЛАУ-2019. ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...