ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ОРАҚ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУДА

15:31, 8 қазан 2019

Ақмола облысы еліміздің астықты өлкесі. 5 млн. гектар аумаққа егін егіп, дән жиған өңір шаруаларының еңбегі күз айларында қыза түседі. Диқандардың орақ науқанындағы бір күнімен танысу үшін біздің түсірілім тобы Біржан сал ауданындағы «Баймырза – Агро» барып қайтты.    

Әсия Назымбекқызы – агрономның жауапкершілігі мол мамандығын меңгерген бұрымды бизнесмендердің бірі. Оның басшылығымен шаруа қожалығы майлы дақылдар көлемін арттырып, 9 мың гектар аумаққа зығыр егіп отыр.

ӘСИЯ СӘРСЕМБАЕВА, «БАЙМЫРЗА-АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

«Баймырза-Агро» серіктестігі 2007 жылы құрылған. «Феникс» агрохолдингінің құрамына енеді. Егістік алқабы - 24 мың гектар. Өнім түрлері: бидай, арпа, зығыр. Жұмыс орны – 120 адам. Орташа жалақы – 130 мың теңге.

Инженерлер мен механиктер істен шыққан техниканы жөндеп, қырман басында астық тазартылып жатқанда, егіс алқабындағы қызу жұмыс бір сәтке толастамайды. Себебі астықты қамбаға жиып алуға жарамды уақыт тым аз. Егіс даласындағы аса маңызды мамандық - комбайн механизатолары. Жаңбырбай аға 28 жыл комбайн тізгіндеген дихан. Егін орудың майталманы бізді өз комбайнымен таныстыруға келісім берді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР

Жаңбырбай аға отандық ауылшаруашылық техникасы мен шетелдік комбайндардың айырмашылығына тоқталды. Артықшылықтары мен кемшілігін салыстырсақ, таразы басы өзіміз құрастырған техникаға қарай ауады, -дейді тәжірибелі механизатор.

Диқан еңбегінің ауырпалығы мен тәуекелі аз емес. Олардың қажырлы еңбегінің жемісі әр үйдің дастарханына ұсынылады. Бұл істе «Баймырза-агро» мамандары да өз үлесін қосып келеді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ.  «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...