ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ОРМАН ӨРТІ АРТЫП ОТЫР

20:57, 13 мамыр 2020

ЖА

ДК: Ақмола облысы аумағында күннің күрт ысуы салдарынан 3 орман өрті орын алды. Ақкөл және Зеренді аудандарында тілсіз жаумен күреске 200-ге тарта өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өңірдегі өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын-алу шаралары туралы арнайы брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлімдеді.

РКС: Арнайы жиында өңірдегі өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі көтерілді.Орман өртінің алдын-алу мақсатында полиция департаменті, табиғи ресурстарды қолдану және қоршаған ортаны қорғау департаменті, төтенше жағдай департаментінің 183 маманынан құралған 52 мобильді топ жасақталған. Өңірлік орман шаруашылығының инспекторлары орман қорын қорғау мақсатында 150-ден астам рейд өткізген. Орманды алқаптарды өрттен қорғау мақсатында жыртынды жер жолақтары  жасалды. Ауыл тұрғындары арасында жайылым жерге  бей-берекет от қою деректері де орын алған.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСТЫҒЫ /// Облыс аумағында арнайы рұқсатсыз дала  алқаптарында күздік шөпті өртеу, орманды жерлерде тиісті талаптарды сақтамастан жерошақта от жағу деректері бой көрсетуде. Арнайы құрылған мобильдік топтар рейд барысында өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 11 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның жетеуіне ескерту жасалса, қалған 4 азаматқа 138 мың 945 теңге айыппұл салынды.  

РКС:  Алексей Советов карантин мерзімінде Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі баланың құлағанын айтты. Өкінішке орай, олардың бірі қаза тапқан. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін алдын-алу  шаралары күшейтілуде.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСТЫҒЫ ///рус///Жыл басынан бері  көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлауын болдырмау мақсатында, тұрғындар арасында түсіндіру, алдын-алу шаралары жүргізілуде.  Осы мақсатта ақпараттық стендтер мен тұрғын үй кіреберістеріне тиісті жадынамалар ілінуде. Бұл шапралар тұрғындардың сақтығын арттыру үшін жасалып отыр.

РКС: Айта кетелік, брифинг онлайн режимде өтті.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ. АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар