ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ОРМАН ӨРТІНІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

19:58, 18 мамыр 2020

 

ДК: Біржан сал ауданы Бірсуат ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Көктем және жаз  мезгілінде орман өртінің алдын-алу мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше мән беру қажет. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері «Көкше» телеарнасымен бірлесіп арнайы рейдке шықты.

РКС: Бұл аймақта ашылған 29-шы өрт сөндіру бекеті. «Баймырза-агро» серіктестігінде орналасқан. Ендігі кезекте Заурал ауылдық округі, Бірсуат, Мамай ауылдары мен орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін сақтауға жұмылдырылмақ.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///Біржан сал ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды. Ауданның аумағы 1 миллионға жуық гектар. Оның 600 мыңға жуығы жайылым жер. Бұл 4-ші өрт сөндіру бекеті. Баймырза агро серіктестігімен бірлесіп ашып отырмыз. ///  

РКС: Өрт сөндіру бекетінде арнайы гараж жабдықталған. Телефон байланысы және өрт сөндіру көлігімен қамтылған. Құтқарушылар өрт сөндірумен қатар өзге де төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмылдыратын болады.      

ЕСТ. ШУМ: өрттің алдын-алу

РКС: Әсіресе көктем мен жаз айларында тыйым салынған аумақта от жағу, қоқыс пен құрғақ шөптерді өртеу дерегі жиі орын алатын көрінеді. Табиғи өртті дереу анықтауға арналған 52 мобильді топ құрылған. Оның құрамында төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері мен орманды қорғау басқармасының мамандары бар.  Күні бүгінге дейін 152 рейд шарасы  жүргізілген.

СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Өрт қаупі жоғары маусым 6 сәуірде басталған.  Облыс аумағында 3 орман өртінің және   құрғақ шөптің тұтануының 17 дерегі  тіркелді. 11 оқиға бойынша кінәлілер анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ///

РКС: Негізінде өрттің шығуына - адами факторлар әсер етеді. Өрт қаупі жоғары кезеңде  тұрғындар қарапайым ережелерді сақтамайды. 

ЕСТ. ШУМ:блиц-опрос

-Құм толтырылған жәшік бар. Қоқысты өртемейміз. Қаптарға салып қоқыс жинағышқа апарып төгеміз.

 - Әрине өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз. Орманда от жағуға болмайды. Біз ол үшін мына мангалды пайдаланамыз.

РКС: Рейд нәтижесінде ереже бұзғандар анықталған жоқ. Дегенмен, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылғандығын ескертеді.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАХАНГЕР МУКАМБЕТОВ. КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...