ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ Толығырақ

ӨРТ САЛДАРЫНАН ҮШ БАЛА ҚАЗА ТАПТЫ

19:37, 29 шілде 2020

ДИКТОР: Атбасар ауданының Хрящевка ауылында көпбалалы отбасы тұратын үйде өрт шықты. Өкінішке орай,  отбасындағы 5 баланың үшеуін аман алып қалу мүмкін болмаған.   

РКС: 29 шілдеде, таңғы бестер шамасында жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Ол үйде отағасы мен отанасын қосқанда жеті адам тұрған.   Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенге дейін, отағасы 16 және 8 жастағы екі баланы және жұбайын қызыл жалынға оранған үйден алып шыққан. Өкінішке орай, қалған үш баланы құтқару мүмкін болмады.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ//аударма//Оқиға орнына кезекшілік құрамның екі бөлімшесінен 2 техника, жеке құрамнан 10 адам, және төтенше жағдайлар бөлімінің 2 қызметкер жіберілді. Төтенше жағдайлар қызметі келіп жеткен кезде 100 шаршы метр аумақтың өртеніп жатқанын байқаған.  Үйдің шатыры құлаған. Айта кету керек, ауыл мен өрт сөндіру бекетіне дейінгі қашықтық 25 шақырым. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 21 минутта жетті. Тілсіз жау 15, 13, 12 жастағы балалардың өмірін жалмады. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін Көкшетау қаласынан арнайы лаборатория жіберілді.

АЙДЫН НӘЖКЕНОВ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ   

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
20:12, 11 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
АУРУХАНАЛАРҒА  ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
20:12, 11 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...