ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

16:24, 29 қараша 2019

 


1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін атап өту қарсаңында Біржан сал ауданына қарасты Баймырза ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты шарада ауданның дамуына айтарлықтай үлес қосқан бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.

Төтенше жағдайды бақылайтын бекет бұған дейін Аңғал батыр, Уәлихан ауылдарында болған. Бұл Біржан сал ауданында ашылып отырған үшінші өрт сөндіру бекеті. Алдағы уақытта аудан аумағында мұндай орындарды тағы да ашу жоспарда бар.

ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Құрметті жерлестер, барлығыңызды 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Н.Ә.Назарбаевтің сындарлы саясатының арқасында еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, экономикасы өрге басты. Елбасының бастамасымен ашылған «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында ауданынымызда 4 жаңа мектеп, дәрігерлік амбулатория салынып, 1 амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Жақында ауданда емханамен біріктірілген аурухана салынатын болады.

Облыс аумағында бір жыл көлемінде 1 мыңнан аса өрт оқиғасы тіркеледі. 30-ға жуық адам тілсіз жаудың құрбаны болады. Біржан сал  ауданында да биылғы жылы ондаған өрт тіркелген.

МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Біржан сал ауданында биылғы жылы 31 өрт тіркелді. 9 миллион теңгеден аса материалдық шығын келген. Өрт оқиғаларының 22 пайызы өрт сөндіру бекеттері жоқ жерлерде орын алған. Өздеріңіз білесіздер аудан ауылдарының арасы алшақ. Сондықтан, өрт сөндіру бекеттері өте қажет.

Жаңадан ашылған өрт сөндіру бекеті арнайы техникамен жабдықталып, төтенше жағдайды болдырмау үшін қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Аталған елдімекеннің 4 адамы тұрақты жұмысқа орналасты. Салтанатты шара барысында ауданның өркендеуіне үлес қосқан бірқатар еңбеккерлер Алғыс хаттармен марапатталды.       

М.АЙБАБИНА, Д.МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...