ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ӨЗІНІҢ 43-ШІ МАУСЫМЫН АШТЫ

15:28, 8 қазан 2019

Ақмола облыстық драма театры өзінің 43-ші маусымын ашты. Маусым шымылдығы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында көрнекті қаламгер, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» спектаклімен ашылды.  

Облыстық драма театрының 43-ші маусымы «Бейбарыс» спетаклінің премьерасымен басталды. Қойылым жаугершілік заманда, бала күнінде тұтқынға алынса да, жат жерде тектілігін танытып, ерекше ерлігімен, асқан даналығымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, ержүрек қолбасшы, Мысыр елін билеген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға Бейбарыс сұлтан жайында.   

БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бүгін біздің театр үшін ғана емес, жалпы облыс үшін үлкен мереке. Біз 43-ші театр маусымын ашудамыз. Рақымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» спектаклінің премьерасымен бастап отырмыз. Драматургтың көзі тірісінде шығармашылық тығыз байланыста болғанбыз. Сол себепті де оның туындысын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында сахналауды ұйғардық.   

Спектакльді сахналаудағы басты мақсат – театр өнері арқылы тарихи сананы жаңғырту, ұлы даланың ұлы тұлғаларын насихаттау, рухани-адамгершілік тәрбие беру. Сонымен қатар, Мысырда билік жүргізген Қыпшақ даласының рухты сұлтаны Бейбарыс арқылы қазақ халқының тарихын көрерменге дәріптеу

ЛЮДМИЛА САФРОНОВА, КӨРЕРМЕН

Бүгінгі спектакль біздің тарихи тұлғамыз, еліміздің батыры жайында. Сондықтан да бұл қойылымнан ерекше әсер алып, әртістердің кәсіби шеберліктерін көреміз деген ойламыз. Бейбарыс – құлдан қолбасшыға дейін жеткен ұлт қаһарманы. Бұл елімізге берілген батырлықтың үлгісі деп білемін.  Біздің әртістеріміз өз шеберліктері арқылы осыны сезінуге мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, «Бейбарыс» спектаклі Қазақтан аумағында ғана емес, халықаралық фестивальдерде де көрсетіліп, көрермен көзайымына айналып үлгерген.  

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,  «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...