ШҰҒЫЛ! ӨЗІН-ӨЗІ АСЫРАҒАН АУЫЛ Толығырақ

ОТАН ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН!

19:24, 8 қазан 2019

Мектеп оқушылары мен студенттерден құралған әскери патриоттық клуб мүшелерінің Отан алдындағы ант қабылдау рәсімі өтті. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 55-те 10 әскери бөлімінің қабырғасында ұйымдастырылды.

Ант қабылдау рәсіміне, Ауған соғысының ардагерлері мен колледжі оқытушылары сондай-ақ ата-аналар, білім басқармасының мамандары және әскерилер қатысты.  Қаз - қатар сап түзеген әскери патриоттық клуб мүшелерінің қайсысы болмасын оқуда озат, спортта биік белестердің бағындырып үлгерген жалынды да жігерлі жастар. «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық бірлестігінің өкілдері өңірде өскелең ұрпақ бойында ұлттық рухты қалыптастыру, әскери  патриоттық тәрбиені жандандыру ісі мықтап қолға алынып келе жатқандығын жеткізді.

 ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 

Болашақ әскерлердің имиджін көтеру үшін жастарды әкеліп, баулып, әскерлерді көрсету. Арнайы техникаларды көрсету. Осының барлығы жастарға үлкен өнеге. 

Клуб құрамы жыл сайын жаңарып, толығып отырады. Жасөспірімдер әскери дайындық пәнінде меңгерген теориялық білім мен білікті тәжірибемен ұштастырады. Әскери патриоттық клуб құрамында 4 жылдан астам түрлі сайыстарда топ жарып жүрген 11-ші сынып оқушысы Жалғас Жеңіс салтанатты шараның ел ертеңі жастарға жаңаша серпін беріп, рухын көтеретініне бек сенімді.  

ЖАЛҒАС ЖЕҢІС, ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБТЫҢ МҮШЕСІ

Менің ойымша мұндай іс шаралар ерлер үшін, еліміз үшін өте маңызды. Себебі осындай мерекелер еліміздің азаматтардың патриоттық сезімін оятып,  патриоттарды тәрбиелейді. Біз соған өте қуаныштымыз. 

Салтанатты түрде ант қабылдау шарасына 9 колледж бен жалпы білім беретін 7 мектептен ұзын саны 300-ден астам жасөспірім қатысты.

Бұл күні «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының атынан «Әлия», «Ұлан», жоғары техникалық коледжі мен азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне жауынгерлік ту табысталды.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ , ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
19:36, 20 қараша 2019
ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...