ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ОТАНДЫҚ ТЕХНИКА ӨНДІРУ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛУДА

17:56, 11 тамыз 2017

Өз жұмысын өткен жылы бастаған Көкшетаудағы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» қазіргі уақытта Беларуссия және Ресей Федерациясымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласына қажетті техника мен түрлі құрал жабдықтар шығаруда.

Өз жұмысын өткен жылы бастаған Көкшетаудағы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» қазіргі уақытта Беларуссия және Ресей Федерациясымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласына қажетті техника мен түрлі құрал жабдықтар шығаруда. Үстіміздегі жылдың жеті айында құны 7 миллион теңгенің 300-ге жуық техникасы құрастырылған. Ал, олардың түрлеріне тоқталсақ әзірге алтау ғана. Бүгінгі жасалып отырған ниеттестік шарты кәсіпорынның осы тараптағы жұмысының көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр.

Ауыл шаруашылығы Министрлігі, «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігі және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" арасындағы үш тарапты әріптестік туралы ниеттестік шарты арқылы алдағы уақытта Көкшетаудағы аталмыш индустриалдық технологиялық паркте шығарылатын техника санын тағы да алты түрілі агрегатпен толықпақ.

Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын техниканың аясын кеңейтуді қазіргі уақыттың өзі талап етіп отыр. Әрі аграрлар үшін де қажетті көлік пен құрал жабдықтарды алу үшін жеңлдетілген несие беру ісі де мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Нақтырақ айтсақ, бұрындары лизинг 5 жыл мерзіміне 16-20 пайызбен берілетін болса, қазір отандық техниканы сатып алу үшін оның мөлшері 5,5 пайызға дейін жеңілдетілген.

Әсем Қаматайқызы 

Тақырып бойынша материалдар

М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
19:18, 23 мамыр 2018
М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...