ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

«ОТАНЫМ – ОТБАСЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

21:03, 7 қыркүйек 2017

Облыстық байқауға аудандық сайыстардан үздік шыққан өнерлі отбасылар келген. Олардың қатарында Бурабай, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан келген өнерпаздар бар. Бір ерекшелігі, байқауға қатысу үшін отбасы мүшелерінің барлығы өнер саласында жүрген болуы керек. Кішісінен бастап, үлкендеріне дейін қатыса алады. 3-4 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан байқаудың облыстық кезеңіне биыл 9 отбасы іріктеліп алынған. Мәселен, Целионград ауданының Қосшы ауылынан келген Исиндер отбасы 5 жылдан бері отбасылық ансамбль ретінде көптеген шараларға қатысып келеді. Өздері де, балалары да өнер саласында жетістіктерге жетіп жүр.

Байқау қатысушылары көбінесе эстрадалық бағыттағы туындыларды орындады. Ұлттық аспаптармен қазақтың халық әндерін шырқағандары да бар. Сайыстың талабына сәйкес, бағалау кезінде байқауға қатысқан өнерлі отбасылардың әндерді орындау шеберлігіне, өз-өзін ұстау мәдениетіне және сахналық бейнесіне аса мән берілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша, 1-ші орын Бурабай ауданынан келген Сәбиевтерге, 2-ші орын аршалылық Жанәбіловтерге және 3-ші жүлде Көкшетау қаласынан қатысқан Жапаровтар мен Еңбекшілдер ауданының Әнасовтар отбасына бұйырды.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...