ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ОТБАСЫ САУЛЫҒЫ – ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ

18:37, 30 маусым 2020

 

КСМ: Отбасылық емхана дәрігерлері тұмау, бронхит, пневмония симптомы бар барлық науқастардың үйіне келеді. Бұдан бөлек бас дәрігерлердің орынбасарлары, емхана меңгерушілері, медициналық қызметкерлердің жетекшілігімен  мобильді топ та құрылған. Сонымен бірге облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері скайп жүйесі арқылы науқастарды онлайн түрде қабылдады.

ЕСТ. ШУМ. Вот, видите через программу СКИМС я могу с любого компьютера принять и отправить пациента дальше на лечение, вот, вводим Антонова, у нее довольно распространенное заболевание – это анемия…

КСМ: Отбасылық емханаларға  дәрігерлер мен науқастар екі бөлек есіктен кіреді. Емдеу мекемесіне келгендердің алдымен дене қызуы өлшенеді, тұмау симптомдары бар-жоғы сұралады. Егер вирустық инфекция белгілері анықталғандар ішке кіргізілмейді. Сондай-ақ аулада фильтр орнатылған. Мәселен, 64 жасар Анатолий Митрофанов дене қызуымен келіпті.

СНХ: АНАТОЛИЙ МИТРОФАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ///русс/// Жалпы жағдайым жақсы. Жөтел жоқ. Тыныс алуым да жаман емес. Бүгін ғана МРТ-ден өттім. Пневмония белгілері жоқ. Бірақ дене қызуым әлі де жоғары. Қазір емханаға кіріп, мән-жайды білемін.

КСМ: Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақсыз. Сондықтан отбасылық емханаларда жоспарлы профилактикалық тексерулер, екпе салу, скрининг, күндізгі стационарда емделу тоқтатылды. Жұмыстың көбі үйде орындалады. Бір күнде ақ халаттылар 35 науқастың үйіне барады. Дәрігерлердің өздеріне де келер қауіп жоқ емес. Бір фельдшерге жүктелген міндеттің өзі екі есе.

СНХ: ДИАНА КОВАЛЕНКО, ФЕЛЬДШЕР// РУС// Науқастардың саны өте көп. Адамдар тәртіпке бағынбайды. Маска тақпайды. Қолдарын жумайды. Арақашықтық сақтамайды. Ауырғандардың саны таңертең көп болады. Кешке олардың қатары біршама азаяды.

РКС: Созылмалы аурумен ауыратындарды қадағалау ерекше бақылауға алынған. Бұл науқастарда созылмалы обструктивті өкпе, қант диабеті, автоиммундық сырқаттар бар. Бұл ретте, бір науқасты қадағалау барлық отбасы мүшелеріне жүктелетінін айта кету керек. Отбасылық орталықтардың осындай жағдайларда алар орны ерекше.

СНХ: БАҒИЛА ЗӘКІРИНА, №1 ОТБАСЫЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  ///русс///25 вызовов только с ОРВИ... Тұмау дертімен күніне 25 шақырту болады. Белгісіз аурулар бойынша 30-35-ке жуық қоңырау соғылады. Біздің бір мәселеміз бар, ол көлік жетіспеушілігі. Бұл жағдайды жоғары деңгейде жүрген азаматтар біледі. Көбісі карантинде болғандықтан медицинана қызметкерлері де жетіспейді. Бізде қолғап, маска, тамыр соғысын өлшейтін аппараттар бар. Бүгінде қалыптасқан жағдайға байланысты әр науқастың өкпедегі оттегісінің қамтамасыз етілуін тексереміз. 

РКС: Тегін дәрілерді жеткізу тоқтатылған емес. Бұл жұмыс волонтерлар, әлеуметтік және  орта медициналық қызметкерлердің көмегімен іске асырылуда. Дәріқағаздарды беруде де жауапкершілік тыйылмаған. Дәрігерлердің электрокардиограмманы үйлерде де жасауға мүмкіншігі бар. Олар науқастарды ерекше ауру белгілері болмаса, ауруханаларға келмегендерін ескертуде. Тек ем жүргізетін дәрігермен байланысқа шығу қажет.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...