ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ - ПАРЫЗ

20:26, 14 мамыр 2020

 

 

ДК: Отбасылық құндылық. Үйдің жайлылығы. Берекелі шаңырақ. Осының барлығы отбасындағы бақытқа жетелейтін басты тетіктер. Кәсіптегі ұрпақтар сабақтастығы мен өз ісіне шынайы берілу қасиетін ақмолалық әулеттер де құрмет тұтады. Солардың бірі - жас айырмашылығына қарамастан бір-біріне дос әрі әріптес бола білген ерлі-зайыптылар. 14 жылдан бері берекелі де мерекелі отбасына айналған шаңырақ жайында әріптесім Айгүл Мырзақұлова баяндайды.

 

 

 

РКС: Дәрігер Александр Даниленко еңбек жолын нейрохирургия саласынан бастаған. Содан бері 13 жыл өткен. Әріптестері оның дарынды дәрігер әрі адал дос екенін айтуда.

 

СНХ: АЙЖАН ЖОМАРТ, АЛЕКСАНДР ДАНИЛЕНКОНЫҢ ӘРІПТЕСІ: ///русс/// Бос уақытын отбасына арнап, табиғат аясында демалғанды, аңшылыққа шыққанды  ұнатады. Өте көңілді, ашық мінезді, мейірімді жан.  

 

РКС: Бүгін біз дәрігер Даниленкодан операциядағы статистиканы сұрамадық. Керісінше, ол дәрігерлік тәжірибесінде кезіккен бірегей оқиғаларымен бөлісе бастады.

 

СНХ: АЛЕКСАНДР ДАНИЛЕНКО, НЕЙРОХИРУРГ: ///русс/// Осыдан 3 жыл бұрын қыркүйек айында бізге Астана қаласының тұрғыны келіп түсті. Бурабай ауданында демалған ол су асты аңшылығына шыққан. Абайсызда сүңгіні басына атып алған. Қабылдау бөліміндегі медбикелер оның жағдайын түсінбей, сүңгіні атқан Купидон қайда деп сұрады. Сол уақыттан бері ол біздің есімізде Купидон болып сақталды.    

 

РКС: Александрдың жұбайы Натальяның дәрігерлік санаты жоғары. Ерлі-зайыптылардың жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Алғаш танысқандарында Наталья Қарағанды медицина институтында 4-ші курстың, ал, Александр 1-ші курс студенті еді. Кейін студенттер жан-жаққа жолдамамен жіберілгендіктен, Наталья Көкшетау қаласына кетіп қалған. Александр оның артынан барады. Екеуі тек операциялар кезінде бірер минутқа ғана кездескен. Наталья наркоз берсе, Александр операция жасаған.

 

СНХ: НАТАЛЬЯ СИНИЦКАЯ, АНЕСТИЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ///русс/// Екеуміз араласа бастаған шақта тез тіл табысып кеттік. Бір-бірімізді түсіне алдық. Оны ең алғаш көрген кезім есімде. Ол балконда тұрған еді. Жан-жағында адам көп. Шудың ортасында тұрған ол осылайша көзіме түсті. Екеумізді таныстырғаннан кейін біз кездесе бастадық. Осылайша, үйленіп, бас қосқанша 6 жыл кездестік.

 

РЗК: Отбасының ұйытқысына айналған Наталья ішкі сырымен бөлісті.

 

СНХ: НАТАЛЬЯ СИНИЦКАЯ, АНЕСТИЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ///русс/// Бұл ретте, балалармен бірге өтіп жатқан өмірді айтқаннан гөрі оны көрсеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен тамақ әзірлеген сәтте қызым келіп көмектеседі. Ұлым әкесімен балық. аңшылыққа барып, өз шаруаларымен жүреді. Балалар тыңдап емес, көріп өседі. Сен не істесең, олар соны қайталайды. Сондықтан, тәрбиені сөзбен емес, іспен берген дұрыс.

 

РКС: Александр мен Натальяның 3 баласы бар. Үлкен қызы София 2008 жылы туған. Егор екеуінің арасы 3 жас. Ал, кенже қыз 6-да. София тез тіл тапқыш, ал Егор өте байсалды. Күреспен айналысады. 2 жарым жастағы Даша белсенді болып өсіп келеді.  Александр ұлына көп үміт артады. Ал, ол өз кезегінде әкенің үкілеген үмітін ақтауға тырысуда.

 

СНХ: ЕГОР ДАНИЛЕНКО, АЛЕКСАНДРДЫҢ ҰЛЫ ///русс///Маған күрескен ұнайды. Қазақстанның біріншілігне қасып, жүлделі орынға ие болған едім.  

 

РКС: Александрдың айтуынша, ерлі зайыптылар отбасында ең алдымен сыйластық принципінің басым екендігін айтады. Сонымен бірге мейірімді ата-ана. Бұл шаңырақта отбасылық қалыптасқан дәстүрлері де бар.

 

ЕСТ.ШУМ.  Вот, этой игре уже 30 лет

 

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ,  ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...