ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ОТБАСЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

18:20, 12 тамыз 2019

ДИКТОР: Біржан сал ауданындағы Жөкей көлінің жағасында бой көтерген отбасылық сауықтыру кешені негізінен марал мүйізінен алынатын, пантамен емдейтін   өзгеде медициналық сауықтыру шаралары жасалатын медициналық мекеме.  

РКС: Құрбан айтының алғашқы күні есігін айқара ашқан «Көктал  town» отбасылық сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне жұртшылық көп жиналды. Халық денсаулығын ойлаған осы орайда қаржы-қаражатын осынау игілікті іске жаратқан іскер азаматқа Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова ҚР –ы денсаулық сақтау вице министрі Олжас Әбішев әлеумет атынан алғыстарын айтып, қолға алған игілікті іске сәттілік тіледі.

СНХ: БІЛІМЖАН  ДҮЙСЕНБАЕВ, САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ , МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ  Сауықтыру орталығында дәртүрлі медицина емі мен халық емі қосылып қызмет көрсетілуде. Ең алдымен ем алмас бұрын толығымен медициналық тексеруден өту қажет. Пантамен емдеу әдісінне бөлек косметалогиялық емдеу сауықтыру қызметтері де ұсынылады. Уқалау сипалау процедуралары да жасалады. Бұл жерде қызмет көрсететін қызметкрелер шет елде оқып, біліктіліктерін арттырып келген мамандар.

РКС: Әлемдік медицинаның әмбебап емдеу аппараттарын алыс шет елдерден  алғызып, еліміздің ең таңдаулы дәрігерлерін қызметке шақырған кәсіпкер қолға алған істің  жүзеге асатынына сенімді.

СНХ: БАҚЫТБЕК НҰҒЫМАН, ҚҰРЫЛТАЙШЫ   2013 жылдан бері осы жобаны қолға алуды жоспарлап едім. Дәстүрлі медицина мен халық емін бір арнаға тоғыстырып, Таудың етегінде қасиетті жерде сауықтыру орталығын ашып отырмыз. Көктау деп аталуы бекер емес. Жалпы аймағымыз 48 Га.Аталған сауықтыру кешенінде түрлі ауруға ем таба аласыздар! 

РКС:Соңғы жылдары Біржан сал ауданына инвесторлар көптеп тартыла бастады. Оларды алғашқы кезде егін мен мал шаруашылығы  қызықтырса, енді медициналық  сауықтыру туризіміне бет бұрылды.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Біздің ауданға жарты жылдың көлемінде  2 млрд-тан астам инвестиция тартылды. Басты бөлігі өндіріс саласын дамытуғы сосын,  ауыл шараушылық саласына,  медицина саласына. Солардың бір айқын дәлелі ретінде «Көктау town» сауықтыру кешенінің біздің ауданда ашылуы . Бұл жерге де инвестиция құйылып жатыр. 

РКС: Табиғаты әсем, қайыңы мен  қарағайы көк тіреген  аймақта пайдалануға берілген  «Көктал  town» сауықтыру кешеніне алыстағы Австриядан алғашқы емделушілер келіп, қазақ дәрігерлерінің шипа лы қолының шарапатын сезінуде.   

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БЕРІК ӘБДІЛМАНОВ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ  «КӨКШЕ АҚПАРАТ ».

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...