ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ОТБАСЫН САҚТАУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

18:36, 14 тамыз 2019

ДК: Мемлекеттің ең басты құндылығы халық. Ал, оның қайнар көзі - отбасы. Бүгінде Қазақстандағы әрбір 3 отбасы ажырасып кетеді.  Көңіл көншітпейтін статистиканы өзгерту үшін не істемек керек? Әрине бұл сұрақ көптің көкейінде. Жауап та айқын. Отбасы институтының татулығы мен ерлі-зайыптылардың бір-біріне түсіністік танытуын арттыру керек. Аталған мәселелер бойынша екі күнге созылған семинар болып өтті. Толығарық тілшіміздің бейнематериалында.

РКС: «Бақытты отбасы» жобасы аясында Ақмола облыстық отбасыларды қолдау бойынша ресурстық орталығы  «Кеңесшінің құзыретін әртараптандыру -  жанжалды шешудің кепілі» тақырыбында семинар өткізді. Екі күнге созылған семинарға өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 40-қа жуық медиаторлар, психологтар, медицина қызметкерлері қатысты.  Семинарды өткізу үшін көрші Ресей елінің ұлттық медиаторлар лигасының медиаторы  Юрий Капштык арнайы шақыртылған. Жиында отбасы құндылығын сақтауда психологтар мен медиаторлардың орны, ерлі-зайыптыларды татуластыру кезінде қолданылатын тетіктер жан-жақты сараланды.

СНХ: ЮРИЙ КАПШТЫК,  РЕСЕЙ ҰЛТТЫҚ МЕДИАТОРЛАР ЛИГАСЫНЫҢ МЕДИАТОРЫ:  Семинар өте қызықты атмосферада өтіп жатыр. Мұнда отбасылармен тікелей жұмыс істейтін мамандар жиналған. Талқыланып жатқан мәселе өте өзекті. Сондықтан, әр маманға айрылысу себебін анықтау, оны  ұрыс-керіссіз шешу және объктивті көзқараспен қарап, мәселенің жай-күйін анықтау жүктеледі. Бүгінгі айтылған ойлар шешім шығаруға көмектессе миссияның орындалғаны.

РКС:  Семинар барысында қатысушыларға айрылысу балалар күйзелісінің басты себебі, отбасылық жанжал және оның отбасы мүшелеріне тигізер әсері, ерлі-зайыптылардың психологиялық эмоциясы тақырыптары бойынша кеңес берілді. Еркін сұхбат форматында өткен жиында алдымен теориялық  білім беріліп, оны практикада қолдану дағдылары шыңдалды. Халық отбасылық кейкілжіңді сот арқылы шешуге бейімделген. Қалыптасқан үрдісті азайтуда медиацияның орны орасан. Сондықтан, отбасыда жанжалдың алдын-алу мен оны шешу жолдарын айрылыспай-ақ орындау бүгінгі күннің басты міндеті.

СНХ: ИВАН ГАВРИЛЕНКО, ЕЦ-166/25 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГЫ: Семинардан өте көп тәжірибе жинақтадық. Әсіресе, отбасы мүшелерінің бірі қылмыстық жауапқа тартылған кезде көбі айрылысып кетуге тырысады. Осындай жағдайда отбасыны сақтау үшін оң шешімдер қабылдау маңызды. Ендігі жоғарыда айтылған жағдайлар орын алған кезде  шешудің тетіктерін қолдануды жандандыратын боламын.

РКС: Статистикалық деректерге сүйенсек, еліміздегі әрбір 3-ші отбасы айрылысып жатады. Бұл жаһандық мәселе. Отбасы институтын сақтап, оны дамыту мақсатында Қазақстанның 8 облысында отбасыларды қолдау бойынша ресурстық орталық ашылған. Аталмыш орталықтар пилоттық жоба ретінде 6 айға жоспарланған. Егер жобадан күтілетін нәтиже ақталар болса, басқа да облыстарда осындай орталықтар ашылмақ.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ,  ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...