ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ...

19:42, 22 ақпан 2019

РЗК: Әлия Ахетованың кітабы жай туынды ғана емес, белгісіз сұрапыл соғыстан жапа шеккен қасіретті тағдырлардың жинағы. Кітаптың тұсауы Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай кесілді. Кітап жастардың бойында патриоттық тәрбиені сіңіру, өскелең ұрпаққа мәңгі құндылықтарды жеткізу үшін жазылған,-дейді автор.  

СНХ: ӘЛИЯ АХЕТОВА, ЖАЗУШЫ/// Мен бұл кітапты жазу үшін 10 жылдай жұмыс істедім. Басты себеп – Ауғанстан соғысында болып қайтқан ардагерлердің өз аузынан шыққан оқиғаларды қағаз бетіне түсіру болды. Осы 10 жыл ішінде біз облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасымен және Ауған соғысының ардагерлерімен бірге өңірдің барлық аудандарында болдық. Ауғанстанның сұрапыл соғысынан аман қалған, дәуірлер өзгерісінің сынағына сынбай, барлық ауырпалықты жеңе білген азаматтармен сұхбаттастық.

РКС: Жаңа кітаптың шығуына Ауған соғысының ардагерлері көп үлес қосқан. Олар жазушымен жеке кездесіп, соғыс жайлы өз естеліктерімен бөліскен. Барлық оқиғалар сол белгісіз соғыста жапа шеккендердің ауыртпалығымен, өкінішімен және шынайы ержүректілігімен бірге бір арнаға келіп тоғысады.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ  АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ//

РКС: Жаңа кітаптың авторымен кездесу үшін облыс орталығындағы жоғары техникалық коллледжінің студенттері келген. Жастар Әлия Ахетова мен Ауған соғысы ардагерлерін тыңдап қана қоймай, өздерін қызықтырған сұрақтарын да қойып, өз жауаптарын ала алды.

СНХ: АЛЕКСАНДР СОЛОМИН, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: \\\ Мен бұл кітапты оқимын. Себебі, Ауған соғысының ардагерлері біз үшін ұстаз. Олардың сұрапыл соғыс жайлы бөліскен оқиғалары мен үшін қызық.   

РКС: Тағы бір атап өтерлігі, жаңа кітап облыстық ішкі саясат басқармасының және «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының қолдауымен жарыққа шыққан. Ал, автордың айтуынша, бұл Ауған соғысы жайындағы кітабы соңғы туындысы емес. Себебі, белгісіз  соғыстың айтары әлі де баршылық,-дейді ол.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЮРИЙ ОБЕРДИЕНКО

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
15:02, 24 мамыр 2019
ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
15:02, 24 мамыр 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ
19:22, 17 мамыр 2019
«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 1...
Толығырақ...
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА.  ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
19:22, 17 мамыр 2019
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
Толығырақ...