ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 11,4 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫЛАДЫ

19:29, 13 мамыр 2019

РКС: «Өз үйім» бағдарламасының шарты бойынша тұрғын үйді бастапқы жарна болған жағдайда, яғни тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде сатып алуға болады. Несие бойынша жылдық мөлшерлеме 7 пайызды құрайды. Уақыт өте келе бұл пайыздық көрсеткіш 4-5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ал, салымшы үшін ең маңыздысы  - ол тұрғын үй бағасының қолайлы болуы.  

СНХ: НҰРЖАН ӘЛІБЕКОВ, ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  //// Біздің салымшылар барлық бағдарламаларымызда белсенді қатысып келеді. Мәселен, мына 90 пәтерлі тұрғын үйге мыңға жуық өтінім берілген. Сондықтан, осы сұранысты ескеріп, біз алдағы уақытта тағы да жаңа үйлер салуға келісім шарттар жасамақпыз. Яғни 5-6 үйді салуға меморандумға қол қоямыз. Ол пәтерлердің әр шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайтын болады. Бұл жұмыстар әзір қаралу үстінде.  

РКС: Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі Ақмола областық филиалының өкілдері екі нысанды салу үшін жеке құрылыс компанияларымен келісім-шартқа отырған. Олар «Көкшетау жолдары» мен «Регион-Строй» серіктестіктері. Екі тұрғын үй де экологиялық таза, тұрмысқа қолайлы ауданда орналасқан. Әрі пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады,-дейді серіктестіктердің өкілдері.

СНХ: ҚАНАТ ҰЛЫҚПАНОВ, «РЕГИОН-СТРОЙ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: //// Бұл үй Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Барлығы 90 пәтер. Оның 45-і осы «Өз үйім», ал қалғаны «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатылатын болады. Әр пәтер таза әрленген күйде тапсырылады. Қыста жылы болуы үшін лайықты түрде салынуда.

РКС: Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі Ақмола облыстық филиалы өкілдері «Бақытты отбасы» бағдарламасын қолға алмақ. Бұл бағдарлама аз қамтылған отбасыларға арналған. Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз болғандықтан, бұл бағдарламаның әзірге шетелде де баламасы жоқ,-дейді банк өкілдері. Сондықтан, Көкшетау қаласынан үй аламын деушілер ең төменгі жалақысы расталған анықтаманы Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалына әкеліп тапсыруы қажет.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...