ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ӨЗЕН АРНАСЫ ТАЗАРАДЫ

18:26, 17 қаңтар 2020

Қопа көлінің тазаруы Қылшақты өзеніндегі экологиялық жағдайға тәуелді. Мамандар өзен арнасын су асты өсімдіктерінен тазартуға үлкен көңіл бөліп отыр. Алдағы бір ай бойы табиғат қорғаушылар мұз үстіндегі қамысты орып, қала сыртында шығаруға ниетті. Бұл шара су айдынының тазаруына мүмкіндік беріп, шаһардың шырайына үлес қоспақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР

Қопаны жағалай қаптаған қамыстың ұзындығы адам бойымен бірдей. Көл жағалай біткен бұл өсімдіктің табиғатқа пайдасымен қатар келтірер зияны да бар екен. Мамандар су айдынындағы қамыстың мөлшері жағалау аумағының 18 пайызынан аспауы керек, - дейді.

Қамыстың шамадан артық болуы көл түбіне лай мен өсімдіктекті қалдықтардың көптеп тұнуына әкеледі. Оған адам баласының кесір әрекетінен келген зиянды қосыңыз. Көкшетауды қақ жарып ағатын Қылшақты өзенінің кей тұсында қалың қамыстан су беті көрінбейді. Мамандар өзен арнасын тазарту арқылы Қопа көлін қалыпқа келтіруді көздеп отыр.     

БОЛАТ ТОҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қопаға құяр сағасынан №12 мектеп жанындағы көпірге дейін Қылшақты өзенінің арнасын қамыстан арылту жұмыстары басталды. Барлығы 5 шақырым аумақ. Бұл жұмыс мелиорацияны және су тасқынына қарсы әрекетті қамтиды. Соңғы екі жылда табиғи ресурстар басқармасы Қопа көлін биологиялық тәсілмен, яғни шөпқоректі балық жіберу арқылы тазартуды жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында 40 мыңнан астам шабақ су айдынына жіберілді. Зертханалық тәжірибелер су айдыны едәуір тазарғанын көрсетіп отыр. Жағалаудағы қамысты ору арқылы біз Қопа мен Қылшақтыдағы балдыр мен лайдың азаюына ықпал етуді көздеп отырмыз.   

Осы бастаманы әрі қарай өңірдегі барлық мекемелер жалғастырмақ ниетте. Қазір Қопа көліндегі оттегі мөлшері 7-ден 8,5 пайызға көтерілді. Бұл көл акваториясының тазара бастағанын білдіреді. Тиісінше, жағалауда демалушылар саны да артқан. Табиғат қорғаушылар алдағы жаз айларында қамысты арнайы құрылғының көмегімен тағы бір рет орып шығуға ниетті. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының форумына орай бұл жағалау толық абаттандырып, жаңа көше мен демалыс орындары бой түзейді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...