ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕТЕТІН САБАҚ ӨТТІ

17:39, 11 қаңтар 2018

Осы жолы мектеп оқушылары дене тәрбиесі ұстаздарын емес,  құқық қорғау  органдарының бір топ қызметкерлерін қарсы алды. Тәртіп сақшылары оқушыларға өзін-өзі қорғау тәсілдерімен қатар жекпе-жектің түрлі амалдарын көрсетті. Ондағы басты мақсат - жасөспірімдердің  түрлі келеңсіз оқыс-оқиғалардың құрығына  тап болмауы үшін қорғанудың шараларын үйрету.

Сабақ дәстүрлі түрде жеңіл жаттығудан басталғанымен, кейін сабақтың негізгі тақырыбы қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеруге көшті.

Аталмыш шараға еліміздің намысын әлемдік аренада бағындырып жүрген  құқық қорғау саласының кәсіби қызметкерлерімен бірге тәжірибелі жаттықтырушылар да қатысып, өзін-өзі қорғаудың амал-тәсілдерін көрсетті. Бұл ретте оқушылардың аға буын өкілдеріне деген ризашылықтарының шексіз екенін аңғару қиын емес еді. 

Шара соңында полиция қызметкерлері мен "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамының кәсіби бапкерлері  мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстануға және болашақта Қазақстан Республикасы  Ішкі Істер Министрлігің  арнайы оқыту мекемесінде жоғары білім алуға үндеді.

Облыстық ішкі істер департаментінің материалдары бойынша 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...