ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

19:34, 21 қыркүйек 2020

ЖҮРГІЗУШІ:  Пандемияға қарсы күреске республикалық бюджеттен  қомақты қаржы жұмсалып жатыр. Шет елдерден де гуманитарлық көмек келді. Бұның бәрі тиісті жеріне дұрыс жетіп жатыр ма? Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының пандемияның екінші толқынына дайындығы қалай? Тілші Айсәуле Съезбек тарқатады.    

РКС: Облыстық денсаулық сақтау саласына биылғы жылы 63 млрд. теңге бөлінген. Оның 3 млрд. теңгесі коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған. Облыстық сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті пандемияның алғашқы күнінен бастап, құзырлы органдардың қаржыны тиісті бағытта уақытылы әрі заңды орындауын бақылап келеді.

СНХ: МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИЫМЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: (аударма) Облыстағы пандемиямен күрес үшін бөлінген қаражат жіті бақылауымызда. Жауапты органдармен бірлесе отырып, фармацевтикалық компаниялардың, дәріханалардың дәрі-дәрмек бағасын заңсыз көтеру, лицензиясыз жұмыс істеу фактілерін болдырмау үшін арнайы рейдтер жүргіздік. Төрағаның тікелей тапсырмасымен шет елдерден келген гуманитарлық көмектердің тиісті орынға, тиісті азаматтарға дейін дұрыс жетуін қадағаладық. «Тегін» деген белгі арқылы барлық көмекке келген тауарлардың екінші айналымға түсіп, сатылып кетпеуінің алдын алдық.

РКС: Пандемияның екінші толқынына облыс көлемінде дайындық қызу жүріп жатыр. Мәселен, медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен науқастарын керекті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен 3 ай қамтамасыз ететін қор жасақталған. Бір реттік медициналық масканың 2 млн. данасы, ал антибиотиктердің 3 айға жететін қоры бар, - дейді облыстың бас дәрігері. 

СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: (аударма) Антисептиктер мен медициналық қолқаптардың 3 айлық қоры бар. Осы айдың соңына дейін тағы да қосымша  республикалық бюджеттен әкелінсе, 1 млннан аса қолқап болады.

РКС:  Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен құзырлы органдар бүгінге дейін 50 аурухана мен емхананы, 636 дәріхана мен  28 қойманы тексерген. Нәтижесінде, 32 заң бұзушылық анықталып, 14 хаттама толтырылған. Ал бүгінгі жиында  облыстық денсаулық сақтау саласындағы  құзырлы ұйым басшылары алда сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеудің амал-тәсілін талқылады. Жемқорлық тәуекелдеріне қарсы ішкі талдау жүргізу -әрбір құзырлы орган басшысына жүктелген үлкен жауапкершілік.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТӘУКЕЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...