ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ПАНДЕМИЯНЫҢ ӨРШУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ

20:18, 29 маусым 2020

 

 

 

ДК: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар жариялады. Індетпен күресте салғырттық танытқан шенеуніктерге ескерту айтты. РКС: Қасым-Жомарт Кемелұлы өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Сөгіс те жарияланып, ескерту де берілді. ТАЙМ-ТИТР: 29.06.2020 СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: ОРЫСША КЕТЕ БЕРСІН РКС: Осылайша, Президент қарапайым халықпен байланыс орнатып, дер кезінде көмек қолын созбаған билік өкілдеріне сын айтты. Тұрғындардан көп арыз-шағым түсуде. Уақытында жауап берілмегендіктен, халық жалған ақпаратқа сенуге мәжбүр екенін де атап өтті. СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: //қазақша// Қасым-Жомарт Кемелұлы дер кезінде дұрыс шара қабылдап, (+) халықты сақтандыру жөнінде үлкен-үлкен жұмыстар жүргізуде. Президенттің өзі анда-санда теледидардан шығып, пандемия індеті жөнінде қолданылып жатқан шаралар жөнінде айтып түсіндіруі тиімді болды. +Скл Бірақ та осы індеттің Қазақстанда кеңінен жайылып бара жатқандығы алаңдатады. Бұған енді кейбіреулер Үкіметті кінәлап жатады, меніңше бұған ең бірінші халықтың өзі кінәлі екендігін сезінуге болады. Біз өзі шынын айтқанда бұл індеттің бар екеніне сене қоймадық. Құдай сақтайды деп ойын-тойымызды, құдалығымызды өткізіп жаттық. РКС: Шынында, карантин режимі жеңілдетілген аз ғана мерзім ішінде аймақта вирус жұқтырғандар саны күрт көбейді. Ауруханаларда орын, дәрі-дәрмек, жедел жәрдем көліктері, тіпті дәрігерлердің өзі жетіспей жатқандығы белгілі. Облыстың бас дәрігері Сүлен Ілиясов Президент тапсырмасы аясында өңірде пандемиямен күрес үшін қосымша медициналық жабдықтар сатып алынатынын айтты. СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: //аударма// Бүгін Президент өткізген кеңесте індетпен күрестің алдағы уақыттағы жұмысына нақты тапсырмалар берілді. Ең алдымен, жағдайды қатаң бақылауда ұстау. Медикаменттер қорын толықтыру. Бүгінде қоймада 30 мыңнан астам қорғаныс костюмі бар. 225 мыңнан астам медициналық маска бар, респираторлар сатып алынуда. Медициналық қолғаптар, вирусқа қарсы препараттар жеткілікті. Көбіне антибактериалды препараттар қажет. Себебі, пневмония мен ЖРВИ сырқаты да күшейіп тұр. РКС: Аймақтың денсаулық сақтау саласы соңғы екі аптада үш айлық медикамент қорын пайдаланған. Президент тапсырмасынан кейін аймақтық жедел әрекет штабы өткізілді. Қажетті дәрі-дәрмекке қосымша қаражат бөлінбек. ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...