ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ПАНЕЛЬДІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ СҰРАНЫС КӨП

18:12, 10 қаңтар 2019

РКС: Үй құрылыс комбинатының темір-бетон бұйымдарына сұраныс артып келеді. Комбинат қабырға панелі, түрлі құрылымдар мен төбені жабуға арналған плиталар және қоршаулар шығарады. Бұл өнімдер облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер құрылысына кеңінен пайдаланылуда. Бүгінде кәсіпорын панельді тұрғын үй құрылысын жүргізуді өздері де қолға алып отыр. Кәсіпорын басшысының айтуынша, қазіргі панельдер бұрынғы керамзиттен әлдеқайда сапалы, сәнді және ең бастысы жылы.

СНХ: АЛЕКСАНДР ДВОРЦЕВОЙ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ   /// В Казахстане  с коммунизма такие дома не строилось. ... Қазақстан панельді үйлер кеңес заманынан бері салынған жоқ. бұл тың өндіріс деуге болады. Кеңес заманынан бері құрылыс материалдарының ішінде панель «мықтылығын» дәлелдеді.  Ол кезде құрылысқа қазіргідей жылытылған панель емес, қарапайым панель, кейін керамзит панель пайдаланылған. Ал біздің шығаратын материал өте жылы18 сантиметрлік жылу қорғағыш жамылғысы бар. Жоба Беларуссиянікі. Сондықтан бізідң салған үйлеріміз кең, әрі жылы. ///

РКС: «Регион Строй» серіктестігінің директоры алдағы уақытта кәсіпорын жұмысын жетілдіріп, қосымша цех салу мақсатын қойып отыр. Сонымен қатар өз материалдарымен және жұмыс күшімен салынатын панельді үйлердің санын арттыруды жоспарлауда. Мәселен, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында мамыр айында 9 қабатты тағы бір үй пайдалануға берілмек. Макинск қаласында 4 үй, Зеренді ауданында медицина қызметкерлеріне арналған тағы бір үй құрылысы бастау алмақ.

СНХ: АЛЕКСАНДР ДВОРЦЕВОЙ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ   ///: В макинске 4 дома... Макинс қаласында қазір 4 үйдің құрылысы бастау алды. Зеренді ауданының орталығында медиктерге арналған баспана салуды жоспарлап отырмыз. Оның үстіне «Спрықарқа» мөлтекауданында  шамамен 8 үйдің құрылысын да біздің панельді үйлерден салу күтілуде. қазірде құрылысы бөлімі сараптама жұмыстарын жүргізуде. ///

РКС: Серіктестік панельді үйлердің құрылысына 100 пайыз өз өнімдерін пайдаланады. Сондықтан, кәсіпорын салған үйлер нарықтағыдан 30 пайызға төмен бағамен сатылады. Бұл, әрине, тұтынушылар үшін өте тиімді.

Бибінұр Әмірханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...