ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ПАРКТЕР ШЕРУІ – 2019» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

19:03, 15 сәуір 2019

РКС: Ұлттық парктың  Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 филиалы бар. Олар  Зеренді, Арықбалық, Орманды бұлақ, Айыртау, Шалқар. Жалпы аумағы 184 мың шаршы метр. Табиғатты аялауға насихаттайтын  «Парктер  шеруі» акциясы аясында бүгінде  өңірде  бірқатар   жұмыстар   атқарылуда.  Мектептерде оқушылар құстарға арнап ұя жасайды, байқауларға қатысады. Олардың қорытындылары акция соңында жарияланбақ. Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдар ұлттық парктың шағын мұражайында сақтаулы.

СНХ: ТАЛҒАТ МҰХАМАДИЕВ, «КӨКШЕТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ  БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //«Таза жағалау» акциясын да ұйымдастырудамыз. Өзен жағалауын тұрмыс қалдықтарынан тазартамыз. Өкінішке орай,  қала тұрғындарының барлығы бірдей адал емес. Артынан қоқыс тастап кетеді. Сондықтан, табиғат Анамызды  аялауға  шақырып,  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргіземіз.

РКС: Ал 22 сәуірде бүкілқазақстандық ағаш отырғызу акциясы өтеді. Сондай-ақ, аптап ыстықтар басталғанда, жасыл желектерге қызыл жаудан келер қауіп  болады. Бұл мәселеге ұлттық парк қызметкерлері сақадай сай, арнайы  топ та құрылған.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар