ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТЕЛЕАРНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

17:36, 10 қаңтар 2020


Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов «Көкше» телеарнасының ұжымымен кездесті. Бұл оның депутат ретінде өңірге жасаған алғашқы сапары. Депутат Көкшетауға келмес бұрын Ақмола облысының бірнеше аудандарында кездесулер өткізген.

 «Көкше» телеарнасының ұжымы жерлесіміз, әнші, актер, композитор, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжановты өте жылы қабылдады. Телеарна студиясында талай рет қонақ болып, сұқбат берген оның бұл жолғы кездесуі ерекше.

НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Мен Ақмола облысын арнайы алдым. Бұл менің туған жерім, өзім оқып, білім алған білім ордасында болып ұстаздарыммен кездестім. Бірнеше аудандарда болдым, кездесулер өтті. Сіздердің қандай ұсыныстарыңыз бар соны тыңдайық деп келген жайымыз бар

Телеарна қызметкерлері депутатқа журналист мамандығы не мемлекеттік не бюджеттік салаға жатпайтындығын, сол себептен ешқандай мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайтындығын атап өтті. Баспана мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында да өзекті.

ГҮЛНАР БЕКЕНОВА, «КӨКШЕ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ

Журналистердің мәртебесі анықталмаған сондықтан біз ешқандай мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмаймыз. Үйсіз жүрген жастар баршылық. Еңбекақы мәселесі де өзекті.

Нұрлан Әлімжанов журналистер мәртебесі туралы бұған дейінгі кездесулер де көтерілгенін атап өтті. Бұл әлеуметтік бағыттағы өзекті мәселе екенін жеткізді. Мәжілісмен, актер, композитор, әнші әрі тележүргізуші Нұрлан Баянғалиұлы шығармашылық жолындағы алдағы жоспарларымен де бөлісті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МАДИНА СМАҒҰЛОВА, САБЫР ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ   

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...