ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖЕРГІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:29, 15 қаңтар 2020

 


Ақмола облысына арнайы іссапармен келген Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Бақытжан Жұмағұлов облыс орталығындағы көпсалалы облыстық ауруханадағы жүрек орталығының жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда кардиологиялық орталықта  білікті мамандар жұмыс атқарады және мекеме қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Орталық негізінен жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанған науқастарға көмек көрсетеді. Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов орталықтағы кардиология, кардиохирургия және рентгеноэндваскулярлық хирургия бөлімдерінің жұмысымен танысты. Кездесу барысында халық қалаулысы ағымдағы жылдан бастап медицина саласына айырықша көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

1-ші қаңтардан бастап жалақыларыңызды көтеріп жатыр.  Жағдай жасап жатыр. Осының бәрі ел Президентінің қолдауы деп түсінемін. Сұрақтарыңыз болса біз жауап беруге дайынбыз. Біздің келу себебіміз де осы. Сіздің сұрақтарыңызға жауап беріп, егер жауап бере алмасақ жазып алып, сол сұрақтарға жауап іздейміз. 

2012 жылдан бастап ауруханада барлық жоғары технологиялық арнайы  қондырғылар іске қосылған. Ал ағымдағы жылдан бастап күшіне енген  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша мамандандырылған кардиохирургия бөлімі жергілікті тұрғындарға бірқатар қызметтерді тегін көрсетуде.

НҰРЛАН ЖАРОВ, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Көпсалалы облыстық ауруханада  жалпы есепте науқастарға 625 орын бар. Ал, күндізгі ем алатындарға 130 орын қарастырылған. 28 клиникалық бөлім жұмыс жасайды. Бізде су жаңа диогностикалық қондырғылар қойылған. Науқастарға жоғары мамандандырылған ем  ұсынамыз. 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойыша халыққа қызмет көрсетуді бастап кеттік.

Кардиология орталығында ем-дом шарасынан өзге арнайы күрделі  оталар да жасалады. Науқастарға 10-ға жуық білікті дәрігер қызмет көрсетеді. Ауруханадағы мамандардың алды шет елдерде, енді бірі отандық жоғары оқу орындарында кәсіби білім алған.  Алыс-жақын шетелдермен тығыз байланыс орнатылып, тәжірибе жүзінде кәсіби білімдерін шыңдауға да барлық жағдай жасалған.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...