ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ПАРЛАМЕНТТІК ОППОЗИЦИЯ ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ БЕКІТІЛДІ

19:30, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Енді парламентте де оппозиция болады. Мұндай жаңашылдық бүгін мәжілісте заңмен бекіді. Құжат мемлекет басшысының қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасына сай әзірленген. Өзгерісті заңдық тұрғыда бекіту үшін «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліді. Оңғар Алысбайұлының материалы.

КСМ: «Парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция». Құжатта ең алдымен осы екі ұғымның ара жігі ажыратылған. Енді кез келген мәселе бойынша көпшіліктің ғана емес қарсы шыққан бірнеше депутаттың пікірі де ескеріледі.

СНХ: НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

КСМ: Өзін оппозиция деп жариялаған партияның құқықтары мен міндеттері заңда нақты көрсетілген. Олардың өкілі тұрақты комитеттің төрағасы болып сайлана алады. Жылына 1 рет парламенттік тыңдау өткізуге, үкімет сағатының күн тәртібін бекітуге, ұсынылған заң жобасын қолдамаса өз тарапынан балама ұсынуға мүмкіндік алады.

СНХ: АЗАТ ПЕРУАШЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Ұсынылып отырған жоба алдындағы заң жобасы өзгерістерімен қоса пеарламенттік оппозиция қызметінің және партиялық пікірталастардың берік кепілдігін қалыптастырып, елдің демократиялық дамуында едаәуір қадам болады деп санаймыз.

КСМ: Жалпы парламенттік оппозицияның заңмен бекітілуі демократияға жасалған қарышты қадам. Әрі оппозиция деген билікке қарсы шығуды емес, халықтың, елдің мұң-мұқтажын жоқтау дегенді білдіреді.

СНХ МАРАТ БАШИМОВ САРАПШЫ (4677) 04:34 Біз оппозиция деген сөзге де әлі үйренбегенбіз ғой. Ал мұнда парламенттік оппозиция дегеннің өзі біздің сана сезімімізді өзгертіп тұр. Ол демократияға көзқарасты бұрып тұр. Басқалай қарап тұрмыз біз.

КСМ: Аз адамның ойы ескерілсе қарапайым халықтың жағдайын жақсарту үшін көп мәселе іске асырылады.

СНХ ЕРЛАН САИРОВ САРАПШЫ 01:00 Бюджетті бөлу кезінде парламенттегі азшылықтың мүдделері де қарастырылатын болады. Бұл бүгінгі таңда біздің еліміздегі әр түрлі әлеуметтік топтардың өмірлік деңгейін көтеруге әсерін тигізетін болады.

 

КСМ: Осылайша қоғамды алаңдататын мәселелер көшеде емес парламент қабырғасында талқыланатын болды. Құжат толық мақұлданып, сенаттың қарауына жолданды. ОҢҒАР АЛПЫСБАЙҰЛЫ ҚҰТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...