ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ" ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

15:22, 6 қаңтар 2020

 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңға қол қойды. Заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылған. Мәселен, дәптерді тексергені үшін қосымша ақы екі есеге артады. Тәлімгерлік үшін бір базалық жалақы ай сайын төленеді. Сонымен қатар, осы жылдың басынан ұстаздардың жалақысы 25 пайызға артады. Педагог мәртебесін арттыруға бағытталған Заңдағы басқа да баптар жайлы әріптесім Бибінұр Әмірханқызы баяндайды.  

Күлжиян Саттарова - 35 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз. Математик мұғалімнің оқушыларға есеп шығарудың тәсілдері мен жаңа формулалар үйретуімен қатар көз майын ағызып, аптасына жүздеген дәптер тексеруіне тура келеді. Сондықтан, «Педагог мәртебесі туралы» Заңда дәптерді тексергені үшін қосымша ақының екі есеге артатыны қарастырылғанына қуанышты. /Графика/ Сондай-ақ, Заңда халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімге үш еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру қарастырылған. Ал, тәлімгерлік үшін бір базалық жалақы, яғни 17 500 теңге ай сайын төленеді. Педагогикалық шеберлік үшін барлық мұғалімге 30-50 пайыз көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Ал,  ең бастысы, мұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесі 2021 жылдан бастап 18 сағаттан 16 сағатқа дейін қысқартылады.

КҮЛЖИЯН САТТАРОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ  

Біз дәптер тексереміз. Сабаққа күнделікті дайындаламыз. Сомен қоса, көптеген іс шараларға қатысуымыз керек. Тексерістер көп келеді. Соған уақыт көп кетеді. Дәптеріне жазу үлгісіне, қатемен көп жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Скл. Жүктемеміз 18 сағат болатын. Енді 16 сағат болып, балаларға көңіл бөліп, уақытымызды көбейтіп, сынып жетеккшіллер көп жұмыс жасаймых, ата-аналармен көп жұмиыс жасаймыз. Бұл жақсы өзгерістер. Бұл заңды көптен күткен едік. ///

Заң арқылы мұғалімді қорғайтын, қолдайтын талаптар да енгізілген. Мәселен, қазір де, бұрын да жергілікті әкімдіктер мұғалімнің қызметіне жатпайтын жұмыс жүктейтін. Заң жүзінде осы мәселе ең алдымен реттеліп отыр.  Нақтырақ айтсақ, педагогты кәсіби қызметіне қатысы жоқ шаруаларға жегіп, заңды бұзса, лауазымды тұлғаға айыппұл салынады.  

МӘДИНА ХАСЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл заңда үстем назарға ие болған келесі жайт, бұл мұғалімдердің өзінің лауазымдық міндеттемелерінен тыс жұмысқа тртқандығы үшін, мұғалімдерден артық ақпарат, есеп, артық құжат сұратқаны үшін жұмыс берушілерге, бұл заңды бұзғандарға айыппұл салынатЫн болады. 120 АЕК  дейін. Бұл 320 мың теңге  көлеміндегі ақша.

Ал материалдық емес ынталандыру тетіктері аясында мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылып отыр. Барлық педагог алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шыға бастайды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру нормасы кеңейтілді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде педагогтарға қосымша ақы төлеуге құқылы.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...