ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

БАЛАЛАРДЫҢ САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТЫН ҰТЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ- БАСТЫ МӘСЕЛЕ

17:04, 8 қаңтар 2020

 


Мектеп  оқушыларының  сабақтан тыс уақытын  дұрыс ұйымдастыру қажет.  Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Ел келешегінің кемелді болуы - бүгінгі буынның қолында. Жастарға жауапкершілік жүгін арту үшін бағыт дұрыс болу қажет. Осы бағытта облыстық өнерпаз дарынды  балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі оқу-әдістемелік орталығында  11-ден  астам шығармашылық үйірме жұмыс істеуде.

Облыстық өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі оқу-әдістемелік орталығында 11-ден  астам шығармашылық үйірме бар. Бұл «Үкілі домбыра» үйірмесі. Үйірмеде  4 топта 50-ден астам мектеп оқушысы сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізуде.

ГҮЛФРУЗА ӘБЖАНОВА, «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

 Біз сегіз жастан бастап барлық балаларды қабылдаймыз. Яғни мектеп қабырғасындағы балалар. Домбыра үйірмесіндегі оқу сабақтары жұмасына екі рет өтеді. Менің ойымша қандай үйірме болмасын спорт, би немесе домбыра үйірмелері балаларға өте пайдалы .Бос уақыттарын тиімді өткізіп көп дос табады. Білімдерін жетілдіреді. Қазіргі кезгі басты проблема смартфондарға көп көңіл бөлмейді. Мысалы маған келетін балалар барлығы екі үйірмені қатар алып жүреді. Оның үстіне сабақтары бар.

Кейбір ата-аналар баласының бос уақытын қосымша шығынсыз тиімді ұйымдастырудың амалын табады. Мәселен, Ілияс 7-сыныптың оқушысы. Ол, домбыра және вокал үйірмесіне қатысып, сабақтан тыс уақытын пайдалы өткізуде. Мектеп оқушысының айтуынша,  бірнеше жылдан бері домбыра мен қоса вокалды да қатар алып жүр.  

ІЛИЯС ИСКУЖЕНОВ, №14 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

Сабақтан бос уақытымда домбыра үйірмесі мен  вокалға барамын. Өзім бірінші ауысымда яғни таңертең оқимын. Домбыра сабақтары сейсенбі және жұма күндері өтеді. Ал, вокалға дүйсенбі , сәрсенбі күндері қатысамын. Домбыраға деген қызығушылығым өте жоғары. 2019 жылы көптеген байқауларға қатысып, жүлделі болдық.

ЗЕРЕ ҚАСЫМЖАН, №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

Сабаққа таңертең барамын ал, түстен кейін менің уақытым бос. Мен, бос уақытымда домбыра және вокал үйірмесіне барып жүрмін. Міне осымен алты жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген күйлерді ойнап үйрендім. Маған сабақ беріп жүрген вокал және домбыра үйірмелерінің жетекшілері алғысымды жеткізгім келеді.

Үйірмеге бірнеше қала   мектептерінің  оқушылары қатысады. Үйірме қабырғасында «Мұрагер», «Құлагер»  ансамбльдері құрылған. Осы уақыт ішінде кптеген республикалық, халықаралық байқаулардан жүлделі оралған. Жалпы, қала бойынша көптеген балалардың шығармашылығын шыңдайтын үйірмелер көп. Тек ынта мен мақсат болса болғаны.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ ,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...