ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ПЛАНЕТАНЫ ҚҰТҚАРҒАН «ЖАСЫЛ» ЭНЕРГИЯ

13:49, 14 мамыр 2020

 

ДК: Коронавирус пандемиясы адамзаттың жер шарын ластауда шектен тыс шыққанын танытты. Экологияны қалыпқа келтіру үшін адамзат үйреншікті тұрмысынан бас тартуы керек пе?! Әлемді толғандырған бұл мәселенің шешімі баламалы энергия көзі болмақ. Аршалы ауданының Қостомар елді мекенінде Орта Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы жалғасуда. Нысан желдің қуатымен 10 000 отбасын энергиямен қамтиды.

 

РКС: Ел Президенті табиғатқа қамқорлық таныту мәдениетін қалыптастыруға және баламалы энергия көздерін кеңінен қолдануға басымдық берді. Бұл бағыттағы эобаларды жүзеге асыруда Қазақстанның даму банкі қаржылық оператор ретінде қолдау көрсетіп келеді. Аталмыш қаржы институтының несиелендіруімен  «Green Energy» компаниясы 10 жарым жылға ұзақмерзімді қарыз алып, жел электр станциясы құрал жабдықтарын сатып алып, құрылыс жүргізуде. Айта кетелік мұндай нысандар жел қуатын электр энергиясына айналдырып, жылу электростанцияларымен салыстырғанда қоршаған ортаға ешбір нұқсан келтірмейді. Нысанның қолданысқа енгізілуі атмосферадағы зиянды газдардың көлемін жылына 230 мың тоннаға төмендетуге мүмкіндік береді.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ГАРБОВСКИЙ, «ЦАТЭК  GREEN ENERGY» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ ///русс/// Қазіргі таңда екінші кешенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мұнда әрқайсысының қуаты  3,3 Мв, қуаттылық режимі 3,45 Мв болатын «Вестос» компаниясының 15 жел электр станциясы бой түзейді. Қазір 10 киловольттық станция салынды. Бұдан бөлек, қойма, гараж, диспетчерлік басқару пульті бар әкімшілік-шаруашылық кешен тәрізді нысандар құрылысы да аяқталды. Жел турбиналарын өндіруші «Вестос» компаниясы осы саладағы әлемдік көшбасшы. Нысан құрылысына шетелдік және отандық мамандар жұмылдырылған. Өндірілген электрэнергиясы  «KEGOC» акционерлік қоғамының электр желілері арқылы барша республика аумағына таралады.  

РКС: Төтенше жағдай режимі жобаның жүзеге асырылу мерзіміне кері ықпал етіп отыр. Нысан жоспарлы уақыттан 6 ай мерзімге кешігіп іске қосылуы мүмкін. Нысанның іске қосылуы Қазақстанның атмосфераға улы газдардың бөлініуін азхайту жөніндегі халықаралық қауімдастық алдындағы міндеттемесін орындауына себепкер болмақ. Жел электр сатанциясы толық қуатына көшкен соң жылына мемлекет қазынасына 2 млрд. теңге салық төлейді.

СНХ: ИВАН ДЁМИН, «СРЕДАЗЭНЕРГОСТРОЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ ///русс/// Біз бас мердігер ретінде 19 жарым шақырым жол құрылысын жүргіздік. Құрал-жабдықты сақтау қоймалары, жұмыс алаңдары әзірленді. Жел турбиналарына арналған 15 таған тартылды. Олардың әрқайсысында 75 тонна арматура мен 550 жоғары сапалы бетон шеңбері бар. Бұл жұмыстың барлығы желді далалы аймақта атқарылды. Бұрын бұл жерде ештеңе болмаған еді.

РКС: Экологиялық тиімділігімен қатар, жел станциясының құрылысы да 300 жұмыс орнын ұсынып отыр. Нысан қолданысқа енгізілген соң мұнда 19 маман қызмет атқарады. Жоспар бойынша 2-ші кешен 4-ші тоқсанда қолданысқа енгізіледі деп күтілуде. Айта кетелік, қуаты 50 Мв-ты құрайтын нысанның бірінші кешені өткен жылдың 26 тамызында қолданысқа енгізілген еді.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, ОЛЬГА МУСТАФИНА, ТИМУР ТАЛАСПАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

                            

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...