ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

ПОЛИЦЕЙ ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

15:16, 13 ақпан 2020

Көкшетау қалалық полиция басқармасының полицейі 24 жасар Бақдәулет Көшкінбай Көкшетау темір жол станциясында суицидтің алдын алды. Ол санаулы секундтарда өмірін қатерге тігіп, биік көпірден секіріп, өмірімен қоштаспақ болған жігітті аман алып қалды. 

РКС: Мына кадрлардан полиция сержанты Бақдәулет Көшкінбайдың өмірімен қоштаспақ ниетте, жүріп бара жатқан поездың үстіне секірмек болған жігітті ұстап қалғанын көреміз.

СНХ: БАҚДӘУЛЕТ КӨШКІНБАЙ, ПОЛИЦИЯ СЕРЖАНТЫ

Ақпанның 10-шы жұлдызы күні түскі сағат 1 шамасында жұмыстарыммен сол жерден өтіп бара жатқан болатынмын. Көмекке шақырғандар болды. Сол сәтте әріптесім жүгіріп бара жатқанын көрдім. Ол жерде бір адам көпірден вагонға секіріп кетті. Менде сол вагонға артынан ілесіп секірдім. Ол әрі қарай жүріп бара жатқан поездға секірмек болды. Оны ұстап алдым./

РКС: Көпірдің биіктігі шамамен 7 метр. Бақдәулет қауіп қатердің жоғары екендігін түсінген. Ол Арыс қаласындағы теміржол колледжінің түлегі. Яғни вагон үстіндегі желілерде 27 мың вольт тоқтың барын біліп, барынша мұқият болуға тырысқан. Шымкенттің тумасы, Көкшетау қалалық полиция басқармасының полицейі - Бақдәулет Көшкінбай мұндай батылдыққа алғаш рет барып отырған жоқ. Адамдардың өмірін құтқарып, қылмыскерлерді ұстау күнделікті жұмысы. Бақдәулет  бұған дейін Көкшетау қаласында такси жүргізушісін өлтірген қылмыстық істе қылмыскерді ұстау оқиғасына да қатысқан.

СНХ: МӘДИ ШӘРІПОВ, ВЗВОД КОМАНДИРІ

Жедел басқару орталығына көпірден адамның секіріп кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Дереу көпірге келдік, ол адамның вагонда тұрғанын көрдік. Ол тағы да секірмек болған. Біз жүгіріп, жақындай бергенде әріптесім, сержант Қошқарбай оны ұстап қалды.  /

РКС: Өмірімен қоштаспақ болған жігіт Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ақжар ауданының 34 жасар тұрғыны екендігі анықталды. Облыстық полиция департаментінің басшылығы Бақдәулет Көшкінбайдың жанқиярлығын бағалап, алғыс білдірді.     

М.АЙБАБИНА, ОКСАНА МАТАСОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ     

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
20:33, 21 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
20:27, 21 ақпан 2020
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫП АЛЫНДЫ
16:18, 18 ақпан 2020
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫ...
Толығырақ...