ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

17:37, 10 қаңтар 2020

 


2019 жыл Қазақстан полициясы үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды. Тәртіп сақшылары сапындағы реформа азаматтардың құқық қорғау жүйесіне сенімін арттырып, полицей міндетінің мүлтіксіз атқарылуына бағытталып отыр. Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин өткен жылды қорытындылады. 2019 жылы өңірдегі қылмыс көлемі 6 пайызға төмендеп, 11,4 мыңды құраған.

Өңірде орын алған қылмыстың әрбір үшіншісі бұған дейін сотталғандар тарапынан қайталанып отыр. Ұрының сұғанағы, тентектің теріс қылығын тыю участкелік полицейлердің мойнына артылған іс. Сержанттарды офицерлік құрамға алмастыру ісі жеделдетіліп жүргізілуде. Тұрғындар көп жиылатын орындарға 262 бейнекамера орнатылып, түнгі көңіл көтеру мекемелеріне кезекші полицейлер бекітіліпті.

АРМАНБЕК БАЙМУРЗИН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ  

Әрбір үшінші қылмыс бұрын сотталғандармен жасалған. Отбасылық зорлық-зомбылық дерегі 12 пайызға артып отыр. Тиісті, бақылауды қамтамсыз ету арқылы бқл қылмыстардың алдын алуға болатын еді, - деген пікірдемін. Бұл участкелік полицейлердің тікелей қызметі.  Бұл қызметті ширату мақсатында 2020 жыл "участкелік полицейлер жылы" деп жарияланып, қылмыстың алдын-алудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл ретте осы бағдарламаның Ақмола өңірінде атқарылуын қамтамасыз етуді, әрі 15 қаңтарға дейін тиісті жоспардың бектілуін бұйырамын.

Өкінішке орай, жол-көлік оқиғаларының саны 35 пайызға артып, 760-ты құраған. 105 адам жол үстінде бақилық болыпты. Целиноград, Ақкөл, Астрахан, Атбасар мен Бұланды аудандарында жағдай ушығып тұр. Полицейлер жол жабынын түзеуге жауапты тұлғалардың үстінен 157 әкімшілік іс қозғапты.  Патрульдік полиция, соның ішінде жол бойы сақшыларын бейнетіркегіштермен, қызметтік көліктермен жабдықтау жалғасын табады.  

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жергілікті атқарушы билік тарапынан полиция қызметін материалдық-техникалық жабдықтауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Биыл осы мақсатқа 7 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінгі жиында аталаған мәселелерді ескере отырып қаржыландыру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыратын боламыз. Басты мақсат полицейлердің бейнебақылау жүйесін барынша кең таратып, қосымша мүмкіндіктер ұсыну, жаңа блок-модульдердің қүұрылысы, тәртіп сақшыларын планшет, бейнетіркегіштер тәрізді қызметтік қажеттіліктегі құрылғылармен 100 пайыз қамтамасыз ету.

Өңірдегі қылмыс атаулының 72 пайызы - ұрлық. Баукеспелер пәтер тонап, көлік ұрлауға, көпшілік орында қалта тінтуге дәніккен. Әсіресе мал ұрлығы өршіп тұр. Жоғалған мың жарым бас малдың тек 556-сы иесіне қайтқан. Полицейлер ауыл тұрғындарының бақташысыз өрістеген тай, торпағы ұрының олжасына айналғанынан қынжылады. 2020 жылы департамент арнайы бағдарлама аясында ұрлықпен күресті күшейтпек. Ұялы телефондардың ІМЕІ кодын тіркеуге алу ісі жүйелі жалғасын таппақ. Кең даланың киесі киікке оқ атқан браконьерлерді бұғаулауға да көп күш жұмылдырылады. Жасөспірімдер арасындағы қылмысты құрықтау да маңызды міндеттің бірі. Алайда, өңірде 158 мектеп инспекторы тапшы. Қарсы келген қылмыскерден тайынбай, қос иықтағы ауыр жүгін абыроймен алып жүрген полицейлер - ел мерейі. Жиын соңында полиция департаментінің бастығы азаматтардың тыныштығын күзеткен адал сақшыларға облыс әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.              

 АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН. АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...