ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

«ПОЛИГЛОТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

17:43, 10 қыркүйек 2019

ДК:  Зергердің туындысындай Зеренді өңірінде төтенше жағдай қызметкерлері арасында «Полиглот»  республикалық байқауы өтті. Ой жарысына еліміздің әр аймақтық бөлімшесінен 18 қызметкер  қатысып, кіл мықтының ішінен кім мықтыны сарапқа салды.

РКС: Бүгінде әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өзгерістер белең алған шақта жан-жақты білікті мамандар қажеттігі күн санап көбеюде. Биылғы «Полиглот» байқауына еліміздің ең білікті құтқарушысын анықтауға 18 сайыскер белді бекем буып келген.  Яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру, тілдік қорларды әртүрлі жағдайларда пайдалану, жазбаша және ауызша түрде тапсырмалар орындап және өз өнерлерін ортаға салу  сынды кезеңдерден  бақтарын сынады.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

 Тіл мәселесі біздің елімізде зор мәнге ие.Осыған байлансты біз көпұлтты мемлкет болғаннан кейін бір-біріміздің салт дәстүрімізге,әде-ғұрпымызға бірдей қарау қажетпіз.Бүгін біз өрт сөндіру қызметшілері арасында «Полиглот» жарысын өткізіп жатырмыз.Бұл жерде қатысушылар үштілді еркін меңгергендерін көрстеулері қажет және қазақтың салт-дәстүрлеріне шолу жасамақпыз.

РКС: Шымент қаласының тумасы Нұрмұхамед Еркінұлы жастайынан құтқарушы болуды армандапты. Арманына жетіп, оңай емес қызметтегі өжет жігіттердің қатарына қабылданды. Бүгінде өрт сөндіру саласының  қызметкері.

СНХ: НҰРМҰХАМЕД ЕРКІНҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ ШЫМКЕНТ Қ. 

Іс- шара негізгі бастауын сонау бізге дейін 14-15 жылдан бері алып жатыр.Бұл біріншіден Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш тілдің тұғырлығы» және осы тілдерді айта отырып және осы салт-дәстүрді тиісінше рухани жаңғыруға оң септігін тигізіп отыр. Бұл қызметкерлерді бір тарапты емес жан-жақты болуы  ертен қандай жағдай болмасада кез-келген жағдайда көмегін беруге бар септігін тигізеді.

СНХ: ӘДІРБЕК ЕСЕНАМАН, ҚАТЫСУШЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Мен осы салада істеп жүргеніме екі жылдай жуық болды.Қазіргі таңда көптеген оқыс-оқиғалармен кездесіп жатырмы.Алдын алып жатырмыз.+++Осы Көкшетау халықан үлкен алғысымды айтамын өте жақсы қарыс алып жатыр.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Алматылық Қалдыбек Төлеуұлы еншілесе,екінші орын Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру бөлімінің радиобайланыс қызметкері Марина Самойленкоға бұйырды.Ал, алғашқы орынды Батыс Қазақстан облысының намысын арқалаған Рустам Жирентаев алды.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...