ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ: ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУҒА МӘН БЕРІЛЕДІ

13:50, 14 мамыр 2020

 

ДК: Covid-19 коронавирус пандемиясы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсартып, медицина мекемелерін технологиялық тұрғыдан толық қайта жабдықтау қажеттігін көрсетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі дамудың басымдықтарын алға тартқан мемлекеттік комиссия отырысында айтты.

 

РКС: Коронавирус пандемиясы елімізде әсіресе, инфекциялық бақылау, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бағыттарында түбегейлі өзгерістердің қажеттігін көрсетті. Сондықтан, мемлекет басшысы ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық  қызметті барынша күшейту қажеттігін алға тартты. Медицина ғылымдарының докторы Серік Аяғанов ол үшін жоғары оқу орындарында эпидемиолог мамандарды дайындайтын факультет ашу қажет,- дейді.

СНХ: СЕРІК АЯҒАНОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ///ҚАЗ. Пандемия біраз мәселенің бетін ашты. Өйткені, уақытында санитарлық дәрігерлерді дайындайтын, эпидемиологтарды дайындайтын Қарағанды мемлекеттік унив ерситетінде факультеті болатын. Бүкіл Қазақстанға жалғыз факультет. Деңгейі өте жоғары болатын. Реформадан кейін мамандар біраз бір-біріне қосылып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өз деңгейін жоғалтып алды. Басқа қызметтермен қосылып, кеше Президент айтты,  ол қызметті жеке бөліп шығару керек, жақсы маман дайындау керек,- деді. Біраз жыл тәжірибеміз бар. Осы службамсыз эпидемиологиялық  жағдайға қарсы тұру қиын. //           ЕСТЬ НА РУС. ЯЗ

РКС: Облыстың ақ халаттылары коронавирус пандемиясымен күресте өздерінің біліктіліктерін көрсете білді. Десе де, індет толығымен жойылып кеткен жоқ, коронавирус халық денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан, Президенттің тапсырмасына сәйкес облыстық көпбейінді ауруханасы вирустың екінші толқынына дайындықты ширату мақсатында ақ халаттылардың біліктілігін арттырып, арнайы оқуға жіберуді жоспарлауда.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ///ҚАЗ. Президент денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру саласында бірнеше мақсат қойды. 1-ден заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру. скл. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан бүкіл жабдықтармен қамтамасыз етілдік. Дезинфекциялайтын дәрілер бар, қорғаныс заттарымыз жеткілікті. Ең алдымен, ол вирусқа алдын алу және күрес мақсматында эпидемиологиялық жағдайды бақылауымыз керек. Мамандардың біліктілігін жетілдіру жоспары бар, оқыту жоспарлары бар. Соған сәйкес оқытамыз./// ЕСТ НА РУС.ЯЗ

РКС: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті барынша күшейту қажеттігін алға тартты. Себебі, COVID-19 және соған ұқсас індеттер бір жолғы құбылыс емес. Сондықтан, індетпен күреске ғылыми тұрғыдан дайын болу үшін елімізде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылады.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар