ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. 2020 ЖЫЛ – ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ!

15:26, 8 қазан 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталды. Әсіресе, ол Жолдауда тиімді экономика, заңнамаларды жетілдіру, ұлт бірлігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне бас назар аударып отыр.

2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

КӘМИЛА ӘЛЖАНОВА, ЕРІКТІ

Президенттің Жолдауы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған. Біз еріктілер ретінде келесі жылды асыға күтудеміз. Бізге қатысты жаңа жобалар ашылады деген үміттеміз. Бұл жобалар үкімет тарапынан да қолдау табарына сенімдіміз.

Еріктілер жылын жариялау елдегі бұл қозғалыстың жаңа серпін аларына, жаңа жүйелердің пайда болуына, ұйымдарды біріктіруге мүмкіндік береді.

АРСЕН ЖҰМАБЕК, «ФЕНИКС»  ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:   

Біздің орталығымыз келесі жылы белсенді жұмысқа кіріспек. Ел Президенті 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Енді, жаңа жобалар күтеміз. Президент пен Үкіметтің тарапынан қолдау боларына күмәнім жоқ. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық.  

Көптеген азаматтық бастамалар әлеуметтік желілер арқылы пайда болуда. Белсенді өмірлік ұстанымдағы адамдар әлеуметтік маңызы бар ойлары мен жобаларын ұсынып жатыр. Сол себепті, біз оларға көңіл бөліп, әрдайым қолдап отыруымыз қажет,- деген еді өз Жолдауында Ел Президенті.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...