ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. АУЫЛ ТҰРМЫСЫНЫҢ САПАЛЫ БОЛУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕК

15:22, 17 қаңтар 2020

Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес,-делінеді Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында. Елбасының «Ауыл-ел бесігі» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселелерді шешуді қолға алды. Ол үшін өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды 3 мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елі мекендерге енгізу қажет етіледі.

 «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін өткен жылы бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы 3 жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады.

АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елден шыққан азаматтарға елге бетбұрыс жасатып жатырмыз. Биыл Алғабас ауылынан шыққан азаматтарды елдеріне тартып, біраз жолдарды жөндедік. Басқа да ауылдарға келіп, спорттық площадкалар салынып жатыр. Балаларға ойын алаңдарын салып жатыр. Еріктілер тобымен үлкен жұмыстар басталғалы жатыр. Олар арқылы жастардың түрлі жұмыстарда атсалысуын қадағалаймыз. Қарияларға көмектесу сияқты. Қолдың қысқалығы әр отбасында болады ғой. Жаңағы ағашын жарып, көмірін кіргізіп, шөбін үйіп беру сынды. Сондай жұмыстар әр елді-мекенде бүгінгі күнде жүріп жатыр.

Жалпы, Қазақстанда еріктілердің белсенділігін түрлі оқиғалар орын алғанда жіті аңғарамыз. Мысалы, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылғанда, оқыс оқиғалар орын алған сәттерде, тіпті тарихи-археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде ең бірінші болып еріктілерге жүгінеді.

ЛӘЗЗАТ ТҮГЕЛБАЕВА, БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

2017 жылдан бастап Тұңғыш Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында музей ішінде Бөгенбай батыр жорықтары жобасы құрылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ерлік істері жайлы, жалпы балалардың өткен сара жолын жастарға жеткізу болды. Осының негізінде біздің музейде еріктілер тобынан құрылған «Мирас» тобы құрылды. Сол еріктілермен біз жоба аясында құрылған маршруттық картамен экспедицияға шығамыз. Бірінші Қаратау мен Өлеңті аралығында болады бұл экспедиция.  

Мінекей, волонтерлік қозғаушы күшке мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау жыл санап ұлғайып келе жатыр. Енді бұл бастама, Ерейментау ауданындағы Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ерікті оқушылары үшін де үлкен үміт сыйлайтыны анық.

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Дархан Сағын

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...