ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

19:12, 2 қыркүйек 2019

ДК: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Жолдауын арнады. Маңызды құжатта сындарлы диалог тұрақтылық пен гүлденудің негізі болуы тиіс екендігі айтылады. Сондықтан, мемлекет басшысы тиімді экономиканы дамыту, заңнаманы жетілдіру, ұлт бірлігі, азаматтардың қауіпсіздігін дамытуға бағытталған көптеген тармақтарға тоқталды. Жолдауда нақты қадамдар мен көтерілген мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Көптеген мекемелер мен ұйымдарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуін ұжымдық қарау ұйымдастырылды. Біздің түсірілім топ Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды.

РКС:  Мемлекет саясатындағы жаңа басымдықтарға қызығушылық білдіру әрине, түсінікті. Себебі, әрбір Жолдау – мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларын одан әрі дамыту стратегиясы болып табылады. Көкшетау қаласындағы басты жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық және студенттік құрамы үшін Жолдауда аталған білім беру саласындағы жаңашылдықтар маңызды.

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ Бұл Жолдау әлеуметтік бағыттарға тағы да назар аударады. Мені ұстаздардың жалақысын көтеру мәселесі қуантады. Біз педагогтарды дайындайтын жоғары оқу орны ретінде мәртебенің маңыздылығын жете түсінеміз. Мен мұғалім мамандығына деген қызығушылықтың азайғанын мойындаймын. Менің ойымша, қазір мектеп оқытушысының имиджі бірнеше есе өсті. Біз 25 педагогикалық мамандық бойынша оқытамыз. Бүгінде біз 7 мың студентті оқытамыз және олардың алдында барлық жолдар ашылатынына қуаныштымыз.

РКС: Айта кетейік, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы берік қаржылық негізге ие болады. Президент Үкіметке осы мақсатта 20 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Жалпы, белсенді жастар бастамаларына қолдау көрсетіледі.

СНХ: РОЗА РАЙЫМБЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ Қасым-Жомарт Кемелұлының 2020 жылды «Еріктілік жылы» деп жариялағаны – қуанышты жаңалық. Президент пен мемлекеттің қолдауы болғандықтан, біз Қазақстандағы еріктілікті халықаралық деңгейге көтергіміз келеді. Мысалы, БҰҰ еріктілігі халықаралық еріктілер болуы мүмкін.

РКС: Спорт, медицина, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, балаларды зорлық - зомбылықтан қорғау, құқық қорғау органдарының рөлін күшейту мұның барлығы жіті бақылауда. Нақты сомаларға қысқаша тоқталсақ: 2022 жылға дейін көлік инфрақұрылымына триллион теңгеден астам, қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 250 миллиард, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға 58 миллиард, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына қосымша 90 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл Жолдаудан әрбір қазақстандық өзі үшін маңызды тармақтар табады.

Айжан Ақтаева, Мәдина Смағұлова, Бауыржан Смағұлов, «Көкше ақпарат»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...