ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ САПАСЫ

16:09, 5 қараша 2019

 


2020 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін көрсетуімен құнды. Мемлекет басшысы қазіргі жаһандану дәуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптардың жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты сапалы білім алу – қарқынды дамудың басты шарты екендігін атап өтті.

ЖАНАР АЙТҚОЖИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Педагог мәртебесі туралы» Заң бүгінде қабылдаудан толығымен қаралып өтті. Ұстаздардың қоғамдағы статусын жоғарылату жайында көтерілген тақырып өте орынды. Себебі, біздің бала кезіміздегі ұстаздарды біз ұлы тұлға есебінде көретінбіз. Қазірде әрине ұстаздар заман ағымымен өзгеріп келеді. Менің ойымша мектеп мұғалімдерінің еңбегі еленуі керек, оларды қағазбастылықтан босатып, сапала ыбілім беруге бет бұру қажет.

Жолдауда қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы жайлы айтылды. Оған себеп – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан да, мемлекет басшысы  ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру жүйесін теңестіру жайында тапсырма берген болатын.     

ДАНИЯР АҚМОЛДАЕВ, І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ (АЛМАТЫ)

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына Жолдауына қала мен ауыл мектептерінің білім беру жүйесін теңестіру керек деген болатын.Бұл тарапта барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан, қала мектептеріндегі іс-тәжірибені ауылдық мектептерге де енгізу керек.  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біз мемлекетті реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осылайша, бүгінде Қазақстанның әрбір тұрғыны келешекке кедергісіз ұмтылуда.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...