ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

17:37, 10 қаңтар 2020


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында көпшілік көкейіндегі бірқатар мәселелерді қозғап, соған сәйкес міндеттемелерді атап өткен болатын.  Қолға алынып жатқан білім беру сапасын жақсарту, ұстаздар мәртебесін көтеру бастамалары жұртшылық көңілінен шығуда.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде білім беру сапасын жақсарту мәселесіне ерекше тоқталып, сол жолда атқарылар істердің ізін салып бергендей болды. Білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар мәртебесінің көтерілуіне тікелей байланысты екені белгілі. Қазіргі таңда ұстаздар мәртебесі туралы заң қабылданып, оқытушыларға ерекше көңіл бөлінуде.

ВАЛЕНТИНА АРГАЛУТОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Бізге педагогтар үшін 2020 жылы ұстаздар мәртебесі туралы заңның қабылданғаны өте қуанышты. Көтерілген заңнамалар көңілімізден шығып отыр. Бұл жастар үшін де тиімді. Олар ғылымға бет бұруда. Жалақы   көтеріліп жатыр. Жастардың магистратураға түсуге деген ынталары да жоғары

Президент  халыққа жолдауында оқушылардың қабілетін  айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет, - деді. Қазірде балалар инклюзивті білім беру жүйесі бойынша оқып, мектеп кезінен бастап машықтарын айқындауда.

ЗӘУРЕШ ДҮЙСЕНБАЕВА, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ  Міне осы жарлықтың барысында көптеген ұстаздардың қуанышы жоғары көтеріліп жатыр, Өйткені, біріншіден мұғалімдердің жалақысы өсіп жатыр. Содан кейін олардың статусы көтерілді. Балалармен жұмыс жасау дұрыс ұйымдасқан жолмен жүріп жатыр. Ұстаздар атынан зор қуанышымды білдіргім келеді.

Білімді ұрпақ – ел келешегі. Ал ұстаздар кім үшін болса да ұлы тұлға. Айта кетейік, Президент халыққа Жолдауында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырған болатын.

ТҰМАРЫМ  БАБАСАНОВА,  САБЫРБЕК  ШЕРИЯЗДАНОВ,   КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
19:33, 21 қазан 2020
ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВКЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар