ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

16:32, 3 желтоқсан 2019

 


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, білім сапасын арттыру, көпбалалы отбасылардың әлеуетін көтеру сынды қоғамдағы өткір мәселелер көтерілген. Заманауи мемлекет құру үшін халықпен тығыз байланыс орнату қажеттігі де басты назарға алынып отыр. 

Мемлекеттік тіл әрқашан ел назарында. Ұлт үшін тілден асқан байлық жоқ, - деп марғасқа Мағжан ақында бекер айтпаса керек-ті. Яғни, ел болашағының жарқын болуы үшін мемлекеттік тілдің атқаратын рөлі ұшан-теңіз. Осы ретте,  Мемлекет басшысы саяси құжатта мемлекеттік тілдің халықаралық тіл дәрежесіне көтерілетін күн алыс емес екендігін атап өткен болатын.

ДМИТРИЙ БРОННИКОВ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Қоғамдық келісімді нығайту. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Ел Президенті өз Жолдауында осы мәселелерге назар аударды. Мемлекеттік тіл ұлтаралық болуға тиіс. Қазақстандықтар бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін.

Сонымен қатар, 2020 жыл – Еріктілер жылы болып бекітілді. Мемлекет басшысының бұл сөзі еріктілер ұйымдары үшін – үлкен жауапкершілік. Мемлекет тарапынан ағымдағы жылы  еріктілерге 17 грант бөлінетін болады. Яғни, осы арқылы барлық еріктілер жұмыстарын жандандырып, ел дамуына өз үлестерін қосуға сенім білдірді.

АЛЕКСАНДРИНА ОВЧИННИКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Мемлекет басшысы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Әрине, бұл біздің елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға жаңа серпін береді, жаңа жүйелі тәсілдерді анықтайды, жеке адамдар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.

Сондай-ақ, саяси құжатта білім беру сапасын жақсарту, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдердің жалақысы тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелер көтерілді. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз патриоттыққа, ел мен жерін құрметтеуге ынталандырары сөзсіз

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

               

 

Тақырып бойынша материалдар

ВЛАДИМИР КАМАШОВ ТУРНИРІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
16:52, 6 желтоқсан 2019
ВЛАДИМИР КАМАШОВ ТУРНИРІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
16:49, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
 «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛМЕК
16:46, 6 желтоқсан 2019
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...